79-Сурет. АРН-2 аппаратының Манифольды.
3 л салынған мұнайды 3-4 мл/мин жылдамдықпен ал 1,9 л салынған мұнайды 2-2,5 мл/мин жылдамдықпен айдайды. Дифференциялдық монометрде қысымның тұрақты төмендеуінде айдау жылдамдығын кранмен және пеш пен колоннаның электроқыздырғышымен реттейді. АРН-2 аппаратының қалыпты жағдайда жұмыс жасауында бензин фракциясын алу кезінде колоннадағы бу мен кубтағы сұйықтық температурасының айырмашылығы 100°С аспауы керек.
Атмосфералық қысымда фракцияларды бөлу 200°С температурасына дейін жүреді ( жоғары күкіртті және жоғары шайырлы мұнайлар мен табиғи битумдар жағдайында– 180°С дейін). Фракцияларды колбаларда сақтап 0,1 г қателікте өлшейді.
Бу температурасы 180-200°С жеткенде атмосфералық айдауды тоқтатады: пеш пен колоннаның қыздырылуын тоқтатады, пешті сөндіреді, потенциометрді сөндіреді. Тоңазытқышқа судың келуін тоқтатады. Аппаратты электр торабынан айырады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Фракция дегеніміз не?
2.Температураның өнімге тәуелділігі қандай?
№2 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: АРН-2 аппаратында мұнайды вакуумды айдау
Мақсаты: АРН-2 аппаратында мұнайды вакуумды айдау процесімен танысу.
Вакуумдық айыру. Вакуумдық айыруды 180-2000С температурадан жоғары емес салқындатылған кубта бастауға болады. 3200С дейінгі қайнаған фракцияларды 0,0013-0,0016 МПа (10-12 мм.рт.ст) қысымда, ал 3200С-тан жоғары фракцияларды 0,00013-0,00026 МПа (1-2 мм.рт.ст.) қысымда алады. Олардың қысымын сынап вакуумметр арқылы анықтайды.Қайнаудың температураларының қайнауды температурадағы вакуумындағы қайта есеп номограмма бойынша атмосфералық қысымда өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |