Жазылым
|
Білім алушының ықтимал жауабы:
Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының аялы бесігі, құтты қонысы, өсіп-өнер мекені. Халқымызда «Жер- Ана» деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан да жерді өз анамыздай көріп, оны қорғап, қамқорлық жасау - баршамызға ортақ іс.
Адам өзіне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Сол себепті табиғат міндетті түрде таза болуы тиіс. Бүгінгі таңда табиғатты қорғау туралы көптеп айтылуда.
Өйткені адамның кейбір іс-әрекеттері табиғатқа зиян келтіруде. Осылай жалғаса беретін болса, болашақта не болатынын елестету қорқынышты. Сондықтан да біз табиғаттың қамқоршысы болуымыз керек екенін ешқашан естен шығармауымыз қажет.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қараса, ол үшін табиғат – құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.
|
1
|
Тақырыпқа сәйкес баламалы мәтін қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес пайымдау мәтінін құрап жазады.
|