Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері a = 9 және b = 40 берілген. Осы үшбұрыштың гипотенузасын және сүйір бұрыштарын табыңдар



Дата07.02.2022
өлшемі33,81 Kb.
#92174
Байланысты:
Сабақ 2 Қосымша


Қосымша 2

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері a = 9 және b = 40 берілген. Осы үшбұрыштың гипотенузасын және сүйір бұрыштарын табыңдар.

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 6см және 8см – ге тең, гипотенузасын табыңдар.

  3. Өзен жағасында бір-біріне қарама қарсы тұста бірбірден пальма ағашы өскен. Оның біреуінің биіктігі 30 шынтақ ,екіншісінің -20 шынтақ, бұлардың түптерінің ара қашықтығы 50 шынтаққа тең. Әр пальманың басында бір құс қонып отыр. Кенеттен пальмалар аралығында су бетіне жүзіп шыққан балықты екі құс та байқап қалды., құстар оған қарай бір сәтте ұмтыла ұшып,бір мезгілде жеткен. Балық биік пальма түбінен қандай қашыктықта көрінген?

  4. Ежелгі үнді есебі: Көл бетінен биіктігі жарты фут болатын әсем гүлді су өсімдігі бой көтеріпті. Ол жалғыз өсіпті. Бір күні қатты соққан жел гүлді басқа жаққа қарай бұрып әкетіпті. Таңертең ерте көлге келген балықшы су бетінен тек гүлі ғана көрініп тұрған әсем гүлді бастапқы өсіп тұрған жерінен екі фут қашықтықтан тауып алыпты. Сонымен сұрақ: көлдің тереңдігі қандай?

  5. Вавилон есебі. Қабырғада тұрған қаданы көлбеу орнатқанда оның жоғарғы ұшы қада биіктігенен 3 шынтақ төмен орналасқан, ал екінші ұшы қабырғадан 6 шынтақ қашықтықта жатыр. Қаданың ұзындығын тап.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет