Пазилова Дилбар Кадирхановна
«Балапан» бөбекжай-балабақшасының
жоғары санатты тәрбиешісі
ОҚО, Кентау қаласы, Қарнақ ауылы
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларды тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемділігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын туғызуға үйрету.
2. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді бала бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалыстыруға шақыру.
3. Тіл көркемділігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы бала дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Билингвальды компонент:
Қазақша
|
Өзбекше
|
Орысша
|
Тіл
|
Тил
|
Язык
|
Қыс
|
Қиш
|
Зыма
|
Елбасы
|
Юртбоши
|
Президент
|
Интеграция: тіл дамыту, қоршаған орта, сауат ашу
Сабақ әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын-ойнату
Көрнекіліктері: мультипроектор, шарлар, әртүрлі суреттер, бүктеме, сиқырлы қоржын
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: тіл дамыту
Қызығушылықты арттыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ал, балалар, қане бәріміз шеңбер құрайық. Күн туған жерімізге нұрын шашып, әрдайым шуағын төгіп тұрады. Сол күнге ұқсас шаттық шеңберімізде тұрып амандасып алайық:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды баламыз,
Жайнап түсті бақшамыз.
Сәлеметсіз бе, қонақтар,
Сәлеметсіз бе, достарым.
Біз балдырған баламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
Колокольчик наш волшебный,
Вновь звенит и вновь поет.
Утром ранним нежно-нежно,
В круг наш радости зовет.
Здравствуй, солнце, золотое,
Здравствуй, небо голубое.
Здравствуйте, мои друзья,
Очень рад вас видеть я.
Все о счастье мы мечтаем,
Счастье всем друзям желаем.
Жылы лебіз
Балалар, бүгінгі сабағымыз көңілді өтуі үшін, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді айтайық.
Балалар шаттық шеңберінде амандасып, жылы лебіздерін айтады.
Мақсатты жүзеге асыру кезеңі:
Сұрақ-жауап;
- Біздің отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан.
- Елбасымыз кім?
- Н.Назарбаев
- Мемлекеттік тіл қай тіл?
- Қазақ тілі.
- Ал ана тіліміз ше?
- Өзбек тілі.
- Жарайсыңдар, балалар, демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз».
Ал енді назарларыңды мына бейнетаспаға аударыңдар.
Тіл туралы бейнетаспа көрсетіледі.
Әңгімелесу:
Тәрбиеші:
Балалар, бұл бейнетаспа не туралы екен?
Балалар:
- Қазақ тілі туралы.
- Өте жақсы, балалар, еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстан Республикасы болып жарияланды. Өзінің рәміздерін бекітті, мемлекеттік тіл қазақ тілі бекітілді. Мемлекеттік тіл күнін 14 желтоқсанда атап өтеміз. Мемлекеттік тіл күніне арналған өлеңдеріңді айтып беріңдерші.
Балалар тіл туралы білгендерін айтады. Мәліметті мұқият тыңтайды, ой қосады.
Алтынай:
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі – өте бай, көркем тіл. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елімізде тұратын барлық ұлт-өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде.
Азиз:
Қазақ тілі – көк шарлаған қыраным,
Қазақ тілі – бойға таққан тұмарым.
Қазақ тілі – бар қазақтың айбыны,
Қазақ тілі – бейбітшілік ұраны.
Мухаммадали:
Ана тілім – Жүрегісің анамның,
Жүрек – ана, Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін.
Сенсіз мыныу керегі не ғаламның?!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Фотима:
Ана тілім – елдігім,
Ана өзбек тілім – ерлігім.
Тілді биік құрметтеп,
Тойлап жатыр ел бүгін.
Мухтабар:
Ана тілім – анам,
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің,
Тек өзің деп білемін.
Тәрбиеші:
-Балалар,бүгінгі сабағымызда біз сендермен көрші елдерге сиқырлы кілемде саяхат қыламыз. Бірінші көрші Өзбекстанға саяхат қыламыз. Міне Өзбекістанға да жеттік, қане кім өзбек тілі туралы өлең айтады?
Давлат:
Улуғ тилим, халқ тилим,
Ўзбек тилим, халқ тилим.
Бувилардан, бувалардан,
Мерос қолган ўз тилим.
Айнура:
Она тилим – онам тили,
Мехрибоним мехри дилим.
Айтган сузим тилагимтир,
Эй менинг она тилим.
Фарангиз:
Дўстга – дўсту дугонага тилим,
Бегонага – бегона тилим.
Бешигимда ягона тилим.
Өте жақсы, Өзбекістанға барып өзбек тілі туралы өлеңдер айтып, көптеген дос арттырдық. Ал, енді сиқырлы кілемге отырып, Ресей Федерациясына саяхатымызды жалғастырамыз. Енді орыс тілі туралы білген өлеңдерімізді айтамыз.
Нодира:
Любой язык по – своему велик,
Бесценное наследству вековое.
Так берегите свой родной язык,
Как самое на свете дорогое
Феруз:
Родной язык!
Он с детства мне знаком.
На нем я впервые сказала мама.
И каждый воздух понятен мне на нем,
Родной язык,
Он дорог, он мой.
Тәрбиеші:
-Алыс жол жүріп шаршап-шалдыққан болсаңдар, біраз бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалар ән мазмұнына сай жаттығу жасайды.
Бұл жерде балалар Буратиноға кездесіп қалады. Буратино балаларға алтын кілтін жоғалтып қойғанын, оны табуға балалардың көмегін сұрайды. Оның алтын кілтін Африкадағы маймылдан алу керек.
Бұл үшін балалар берілген тапсырмаларды орындаулары керек.
Тәрбиеші:
Балалар, буратиноның кілтін табу ушін сендердің көмектерің керек. Бұл үшін сендер берілген тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.(Слайтта шөлге айналған Африка суреті шығып турады. Әр түрлі жануарлардың, ағаштардың суреттері шығады).
Тәрбиеші:
1- тапсырма. Берілген жұмбақтар жауабын тауып үш тілде айту керек.
1.Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды.
Тіл-тил-язык
2. Сатайын десем ауыр кілем
Сатпайын десем тәуір кілем
Жер-ер-земля
3. Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді.
Су-сув-вода
2-тапсырма.
Мақалдың жалғасын жалғастыру
1. Бас кееспек болса да, ..........(тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, .........(ана тілі ой өсіреді)
3. Тілмен байлаған, ..........(тіспен шешілмес)
4. Тіл тас жарады, .......(тас жармаса бас жарады)
5. Тіл – адам ойының, .......(айнасы)
6. Тіл қылыштан да, .......(өткір)
7. Бал тамған тілден ......( у да тамады)
8. Жеті жұрттың тілін біл .......(жеті түрлі ілім біл)
-Балалар, кім тағы да тіл туралы мақалдар біледі?
Айша:
Тил миллатнтнг кўгусиз.
Тилга эьтиборсиз - элга эьтиборсиз
ТИл билган, эл билади
Дильшод:
С ўзинг ширин бўлса
Ошинг ширин бўлади
Дильнора:
Өз тілің бірлік үшін,
Өзге тіл тірлік үшін
Элбек:
Тіл қалса алар жер мен көктің арасын,
Тіл айырар анасынан баласын.
Ең соңғы орындағанда маймыл қолында буратиноның кілті бар суркті шығады. Сосын буратино балаларға көрсеткен көмегі үшін өз ризашылығын білдіртеді. Балалар сиқырлы кілемде өз елдеріне оралады.
Қорытынды.
Тәрбиеші: -Балалар, бүгін сабағымыз не туралы екен?
Балалар: -Тіл, достық туралы.
Тәрбиеші: - Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Балалар: - Ұнады.
Тәрбиеші:- Қай жері ұнады?
Балалар: - Сиқырлы кілемде әр бір елге барып, дос аттырғанымыз.
Тәрбиеші:
Тіл туралы көп айттық, не екенін түсіндік. Біз елімізді, жерімізді, Отанымызды, тілімізді құрметтеп мақтанамыз. Ол үшін жақсы оқып, ақылды азамат боламыз.
Күтілетін нәтиже:
Балалар тіл туралы үш тілде өлеңдер жаттап, мақалдар айтып, жұмбақтар шешті.
Достарыңызбен бөлісу: |