Паралингвистика - (грекше рara – жанында, қасында) – сөйлеу үстінде
қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені,
интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы.
Функционалдық тіл білімі – структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы.
Қолданбалы тіл білімі – тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп
қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол
ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды.
Математикалық тіл білімі – табиғи және кейбір жасанды тілдердің
құрылысын аппарат арқылы формалды түрде зерттеп сипаттайтын тіл білімі.
Дескриптивтік тіл білімі – Америка үндістерінің тілін зерттеуге байланысты америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50- жылдарында пайда болған тіл білімі.
Тіл білімі мен қолданбалы лингвистиканың басты айырмашылығы мынада:
тіл білімі - бұл жалпы немесе белгілі бір тілдердегі тілдің құрылымы мен дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеу, ал
қолданбалы лингвистика - тіл білімінің практикалық қолданыстарына шоғырланған тіл білімінің саласы. Қолданбалы лингвистика сонымен қатар тілді нақты өмір жағдайларына әсер ететіндіктен зерттейтін тіл білімінің бір саласы болып табылады.
Қолданбалы лингвистика
билингвизм, көптілділік, дискурстық талдау, тілдік педагогика, тілді меңгеру, тілді жоспарлау және саясат, аударма сияқты көптеген салаларды қамтиды. Сонымен қатар, қолданбалы лингвистика білім, коммуникация, әлеуметтану және антропология сияқты басқа да салалармен байланысты.
Зерттеу методикалары
Бақылау – ғылым
атаулының, метод
атаулының барлығына
дерлік ортақ, ең жиі
қолданылатын, кең
тараған тәсіл. Өйткені
бақылай білмейінше
қажетті фактілерді дұрыс
жинап, олардың құрылыс
сипаттарын дұрыс
айқындап, дұрыс топтау
мүмкін емес.
Бақылау – бақылауға алынған
элементтердің, формалардың
өзгеріс-
құбылыстарын,
байқаған қасиеттерін
есепке алу сипаттау тәсілдерімен қатар жүреді.
Салыстыру методикасы тілдік фактілердің
әрқайсысының өзіндік
сипатын айқындауға, бір-
бірінен қандай
өзгешеліктері барлығын жан-жақты ашуға,
сөйлетіп, оларды дұрыс жіктеуге жәрдемдеседі.
Қолданбалы лингвистика - лингвистиканың бір саласы, ол тілдік зерттеулердің практикалық қолданылуына бағытталған. Басқаша айтқанда, бұл лингвистикамен байланысты ұғымдарды іс жүзінде қолдануды көздейді. Сонымен қатар, бұл тілдік проблемаларды анықтайтын, зерттейтін және шешетін ұсыныстарды ұсынатын зерттеу саласы. Осылайша, ол лингвисттерге практикалық проблемаларды, мысалы, тілдерді оқытудың ең жақсы әдістері немесе тіл саясатын қалыптастырудағы қандай мәселелер туралы түсінік алуға көмектеседі.
Лингвистикалық метод деп тіл білімінде қолданылатын зерттеу әдістерін айтады. Кейбір әдебиеттерде лингвистикалық методтарды бір сөзбен филологиялық немесе гуманитарлық метод деп атаушылық та бар. Қазіргі заман тіл білімінде линвистикалық методтың көпшілікке танылған, зерттеу объектісі айқындалған бірнеше түрлері бар. Олар: Сипаттама, салыстырмалы-тарихи, құрылымдық, математикалық методтар.
Қолданылған әдебиеттер: «Тілдік құрылымның негізгі деңгейлері» Файл бойынша: Лингвистикалық құрылымның негізгі деңгейлері
Достарыңызбен бөлісу: |