9. Тоғызыншы дәріс. Дүние жүзі тілдері және олардың топтастырылуы (классификациясы)
Дүние жүзінде шамамен 7 мың тіл бар. Олардың ішінде тайпа тілдері дс, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес. Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: қытай, ағылшын, испан, орыс, араб, француз тілдері.
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі тұрғыдан топтастырады: біріншісі - тілдің шығу тегі тұрғысынан, яғни туыстығы, бір негіз тілден бөлініп шыққандығы тұрғысынан; екшшісі - шығу тегіне байланыстырылмай, грамматикалық құрылысы мен типінің ұқсастығы тұрғысынан. Топтастырудың бірінші түрі - тілдердің генеалогиялық топтастырылуы, екінші түрі типологиялық (немесе морфологиялық) топтастырылу деп аталынады.