6. Етіс категориясы — етістікке тән. Ол іс-әрекеттің объектіге немесе субъектіге бағытталғандығын білдіреді. Мысалы: Оқушы киінді. Киінді — өздік етіс; іс-әрекет өз субъектісіне бағытталған. Жер жыртылды. Мұңдағы жыртылды — ырықсыз етіс; іс-әрекет объектіге бағытталған, бірақ іс иесі көрсетілмеген. Яғни мұнда кімнің істегендігі айтылмай, ненің істелгендігі айтылған.
Ортақ етіс формасы іс-әрекет субъектісінің кемінде екеу екендігін білдіреді. Мысалы: хат жазысты. Өзгелік етіс іс-әрекет субъектісіне басқа бір субъектінің қатысы бар екендігін білдіреді. Мысалы: жолдасым жаздырды.
Өзгелік етіс роман, герман, славян тілдерінде ұшыраспайды. Ол түркі, моңғол тілдеріне ғана тән.
Сонымен, грамматикалық категория деп - біртектес грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығын айтады екенбіз. Грамматикалық категориялар: көптік, септік, родтық, жақ, шақ, рай, етіс, вид категориялары.
Достарыңызбен бөлісу: |