Энциклопедиялық сөздіктер
Энциклопедия лингвистикалық сөздіктер тобына жатпайды. Тілімізде, мәдени өмірімізде, энциклопедиялық сөздіктің шығуы халқымыздың білімінің, мәдениетінің өскендігін көрсетеді.
Қазақ халқының тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 1972 жылдан бастап шыға бастады.
Қазақ Совет Энциклопедиясы - барлық өмір салаларынан білім беретін сан алуан ғылымның анықтама жиынтығы. Онда республикамыздың халық шаруашылығы, ғылымы, мәдениеті т. б. саладағы бүгінгі табыстары, ертеңгі келешегі, сонымен бірге республиканың табиғат байлығынан, ұлттық ерекшеліктерінен, халықаралық жетістіктерінен мағлұмат береді.
Лексикографиялық жұмыстар жүргізу үшін лексикографияның теориясы мен практикасын жете білу қажет. Мұнымен бірге, лексикографиялық жұмыс лексикографтардан лексикологияны, оның семасиология, фразеология, этимология атты салаларын жете білуді қажет етеді. Лексикографиялық жұмыс жүргізу үшін стилистика мен грамматика мәселелерін де жете меңгере білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |