Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және басқа ғылымдармен байланысы



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі20,57 Kb.
#91618
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№2 дәріс (1)

әдебиетпен байланысты. Өйткені "тіл - әдебиеттің бірінші элементі". Әдеби шығарма лингвистер үшін өте құнды материал. Әсіресе тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттанумен тығыз байланысты.
Тіл білімі философиямен тығыз байланысты. Философия тек тіл білімінің ғана емес, күллі ғылымдардың методологиясы болып саналады. Философия да, тіл білімі де барлық құбылыстарды бір- бірімен өзара байланыста қарастырады. Философия табиғат пен қоғам өміріндегі барлық құбылыстар қозғалу, өзгеру, даму күйінде болады деп үйретсе, тіл білімі де тілдік кұбылыстарға солай қарайды. Өйткені тіл де басқа коғамдық құбылыстар сияқты өзгереді, дамиды. Бірақ, ескертетін нәрсе: тілдегі өзгеру тым баяу өтеді. Ал қоғам мен жаратылыстағы өзгерістер тілге қарағанда тезірек өтеді.
Философия өмірдегі барлық заттар мен құбылыстарда форма мен мазмұн бар, олар өзара байланыста, бірлікте болады, - деп үйретеді. Мазмұн өмір сүру үшін, белгілі бір формаға ие болуы керек. Яғни форма – өмір сүрудің шарты. Тіл де – дәл осындай құбылыс. Тілдегі формалардың да (сөздердің, сөз тіркестерінің, грамматикалық тұлғалардың) мағына, мазмұны бар. Олар да бір- бірімен тығыз байланысты.
Тіл білімі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет