«Тіл дамыту» үйірме жұмысының жоспары «Тіл дамыту»



бет1/4
Дата11.12.2021
өлшемі20,84 Kb.
#79133
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Үйірме 1 сынып


«Тіл дамыту» үйірме жұмысының жоспары

«Тіл дамыту» таңдау курсы бойынща авторлық бағдарлама оқушылардың шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, олардың танымдық ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілеттерін дамыту мақсатын көздейді. Бұл еңбек бастауыш білім беруде «Әдебиеттік оқу» пәніне қосымша сабақ ретінде алынып отыр. Аталған авторлық бағдарламадағы теориялық және тәжірибелік материал ізденушілер мен ұстаздарға және көпшілік оқырман қауымға арналған.



Түсінік хат

«Тіл дамыту» таңдау курсының бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналып жасалынды. Көмекші құрал ҚР «білім туралы» Заңының, ҚР «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Оқушыларды шешендік өнергебаулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді сас құрметпен бағалағандықтан, бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сысынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, саыл қазына. «Ел боламын десең, бесігінді түзе» дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ал бсіктен басталатын тәрбиенің бірден-бірі – қазақ ауыз әдебиеті. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқаулары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.

Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан-жақты тарихи екенін таныту. Танымдық ой-өрісін кеңейту сөздік қорарын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілеттерін дамыту мақсатын көздей отырып, «Тіл дамыту» таңдау курсы әдебиеттік оқу пәнінен негіздей отырып, көоген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Бұл жинақ бастауыш білім беруде «Әдебиеттік оқу» пәніне қосымша сабақ ретінде алынып отыр. Осы орайда көмекші құрал ретінде М.Құлкенов, К.Ерешева, Ж.Әбділданың «Шешендік өнер әліппесі» оқу құралына сүйене отырып, 1-2 сыныптарға арналып, 1 сыныпқа 33 сағат, 2 сыныпқа 34 сағаттан жоспар құрылды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет