«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу


Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау. Міндеттері



бет45/101
Дата10.11.2023
өлшемі1 Mb.
#190924
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   101
Байланысты:
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары-1

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау.
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық ережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары


Көктем келді

Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай-саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды.Өйткені тырна келген соң, жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады. Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.


(56 сөз)

Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, үстіне сөз таптарын жазып көрсет.
І нұсқа: Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады.
ІІ нұсқа: Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.

Сөз таптарын сұрақ қою арқылы ажырата алады;

1

2. Зат есімді жекеше, көпше түрде тәуелде.
-Тырна
-Өзен

Зат есімнің жекеше, көпше түрін тәуелдей алады.

1

3.«Шық» сөзімен сөйлем құрастыр

-сөз бен сөйлемді ажырата алады, сөйлемнің қалай жасалатынын біледі;

1

9.
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі.Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары


Орман қабаттары

Қалың ормандар бес қабаттан тұрады. Ең жоғарғы қабат – қарағай, емен секілді ағаштардың ұшар басы.Төртінші қабат – қайың,терек секілді ағаштардың ұшы. Үшінші қабат – бұталар мен жас ағаштар. Төменгі екі қабатта шөптер, гүлдер, мүктер өседі. Осы бес қабаттың әрқайсысының «өз тұрғындары» бар. Бірінші қабатта құрлар ұя салады. Әнші құстар үшінші қабатты иеленеді. Төртінші қабатты тоқылдақ, сауысқан секілді құстар мекендейді. Орманның бесінші қабатына мысықторғай, қаршыға ұя салады.





Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

1. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда

Сан есімнің реттік және есептік түрлерін біледі.

1

2. Жинақтық сан есімдерді жаз.

Мәтіннен жинақтық сан есімді тауып жаза алады.

1

3. Қалың ормандар бес қабаттан тұрады - сөз таптарына талда

-сөз таптарын сұрақ қоя отырып таба біледі

1

10.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет