Критерийлер
|
Дескрипторлар
|
Ұпайлар
|
№ 1 Есепті шығар
(ең көп ұпай саны – 8)
|
Есептің шарты дұрыс жазылды
|
2 ұпай
|
Қозғалысқа байланысты есепті шығару алгоритмін дұрыс таба білді
|
3 ұпай
|
Алгоритмі бойынша есептің шешуін дұрыс есептеп шығара білді
|
2 ұпай
|
Есептің жауабы дұрыс жазылды
|
1 ұпай
|
№ 2 Есептеулерді орында(ең көп ұпай саны – 8)
|
Өрнектердің берілгені дұрыс жазылды
|
4 ұпай
|
189 252 : 63 8 өрнегін дұрыс есептеді
|
1 ұпай
|
409 · 49өрнегін дұрыс есептеді
|
1 ұпай
|
297 658 + 587349 өрнегін дұрыс есептеді
|
1 ұпай
|
901 056 – 118 967 өрнегін дұрыс есептеді
|
1 ұпай
|
№ 3
Теңдеуді шеш.
(ең көп ұпай саны – 6)
|
Теңдеулердің берілгені дұрыс жазылды
|
2 ұпай(әр теңдеуге-1ұпай)
|
Теңдеуді шешу алгоритмін біледі
|
2 ұпай (әр теңдеуге-1ұпай)
|
Есептеулер дұрыс жүргізілді
|
2 ұпай (әр теңдеуге-1ұпай)
|
№ 4
Санды өрнектің мәнін тап
(ең көп ұпай саны –7)
|
Өрнектің берілгені дұрыс жазылды
|
1 ұпай
|
Амалдардың орындалу тәртібі дұрыс көрсетілді
|
1 ұпай
|
Амалдарды орындаулар дұрыс жүргізілді
|
4 ұпай (әр амалдың орындалуы 1ұпай)
|
Өрнектің мәні дұрыс жазылды
|
1ұпай
|
№5 Шамаларға байланысты есепті шығар
(ең көп ұпай саны –5)
|
Есептің шарты дұрыс жазылды
|
1 ұпай
|
Ұзындығымен еніне байланысты ауданын табу алгоритмін біледі
|
1ұпай
|
Ұзындығы мен еніне байланысты ауданын дұрыс таба алды
|
1 ұпай
|
Есептің шартына байланысты есептеу жүргізе алды
|
1 ұпай
|
Есептің жауабын дұрыс жазды
|
1 ұпай
|
Барлығы : 34 ұпай
Бағалау критерийлері
«5» - 32-34 ұпай - 94-100%
«4» - 26-31 ұпай - 76-93%
«3» -17 -25 ұпай - 50-75%
«2» - 0-16 ұпай - 49%-дан төмен
|
IV тоқсан
Тоқсандық бақылау жұмысы №5
Мақсаты: көптаңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу; санды өрнектердің мәнін есептеу; теңдеу шешу, есептерді бірнеше амалмен шығару дағдыларын тексеру;тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын табу дағдыларын тексеру.
І нұсқа
1. Есепті шығар:
Екі теңіз айлағынан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта катер мен теплоход шықты. Теплоход 33 км/сағ жылдамдықпен, катер 25 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан кейін олар кездесті. Екі айлақ арасындағы қашықтық нешеге тең?
2. Есептеуді орында:
189 252 : 63 8 409 · 49
297 658 + 587349 901 056 – 118 967
3. Теңдеулерді шеш.
360 : у = 190 086 – 189 996 с – 863= 39 765 : 1 205
4. Санды өрнектің мәнін тап.
(11 437 + 128 ·31) : (1030 – 793)
5. Бөлменің ұзындығы 9 м, ені 8 м. Бөлмеде 36 адам бар. Әр адамға неше шаршы метрден келеді?
ІІ нұсқа
1. Есепті шығар:
Екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсыбағытта екі пойыз шығып, 4 сағаттан кейін кездесті. Олардың бірінің жылдамдығы 62 км/сағ, екіншісінікі 68 км/сағ. Екі қаланың арақашықтығын тап?
2. Есептеуді орында:
258 602 : 68 7 804 · 56
219 678 + 459328 810 032 – 94 568
3. Теңдеулерді шеш.
d : 121 = 7000 – 6871 1 995 : х = 638 765 – 638 100
4. Санды өрнектің мәнін тап.
22 987 – 308 · 72 : 44 + (932 748 – 19 809)
5. Бөлменің ұзындығы 9 м, ені 6 м. Сыныпта 18 оқушы бар. Әр оқушыға қанша шаршы метрден келеді?
Дүниетанудан тест жұмыстары: 1-4 сынып
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының бастауыш білім беруге арналған Мемлекеттік жаңа білім стандартында көрсетілгендей, бастауыш білім мазмұнының жаңа бағдарламалары оқушылардың білім-білік, дағдаларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен беріледі:
1.Оқу материалдарының ең аз (минималды) қажетті деңгейі (яғни міндетті деңгейі).
2.Оқу материалдарының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі немесе мүмкіндік деңгейі.
Жоғарыда аталған деңгейлердің арасында әлі де бірнеше деңгей болуы мүмкін. Бірақ бастауыш сатыны бітіруші оқушы меңгеретін білім, білік, дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.
Міне осы аталған деңгейлер көлемінде сапалы білім бере отырып, оқушылардың логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастырып, интелектуалды тұлға дайындауда таптырмайтын әдіс – тесттік тапсырмалар. Осыған байланысты, бүгінгі күні оқу үрдісінде тесттік тапсырмаларды қолдану қажеттілігі пайда болды.
110
Тест (ағылшын тілінен аударғанда байқау, сынақ, бақылау) – орындалуы белгілі бір білім-білік, дағды мен қабілеттілік деңгейін анықтауға бағытталған стандартты нысандағы тапсырма. Тест түрлері барлық пән бойынша оқу бағдарламасындағы жүйенің қатаң сақталуымен беріліп, іс жүзінде екі деңгейдегі білім мазмұнының сапасын анықтауға арналған дидактикалық құрал.
Тесттік тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға нақты мүмкіндік туады.Тест тапсырмаларының сапасын арттыру үшін әр мұғалім оқушылардың білім дәрежесін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, тестті өзі әзірлегені тиімді.
Тест жұмыстарының дұрыс құрылуы, бала жасы мен шамасының лайықтылығы нәтижесінің талданылуы білім сапасының арттыруға мүмкіндік тудырады.
Бұл жинақта 1-4 сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қортындылау тапсырмалары жан-жақты қарастырылған. Өскен жеріміздің, ауданымыздың табиғи ерекшеліктерімен елінің тарихы, мал шаруашылығы, өсімдіктері мен жануарларын тест сұрақтарынан кездестіруге болады. Осы ұсынып отырған тест жинағы оқушылардың білімін толықтыруға, алған білімін бекітуге дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді деп сенеміз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев табиғат байлығы туралы былай деген: «Жердің де судың да иесі сендерсіңдер, жас ұлан!» Жас ұрпақты қоршаған ортаға ерекше құрметпен қарап сүйе білуіне ықпал ете білуіміз керек.
Мақсаты: Әдістемелік құралдың мақсаты - оқушылардың ой-өрісін кеңейту, алған білімдерін одан-әрі тереңдету. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгерілгендігін анықтап және шығармашылық қабілеттерін,ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, интеллектуалды жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу.
Тест жинағында әр сыныпқа тарау бойынша жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар
жинақталып алынған. Әдістемелік жинақтың білімділік, тәрбиелік мәндерінің жоғары болуымен қоса, пәнаралық байланыс жағы қарастырылды. Тақырыптық тестік тапсырмаларды орналастырғанда оқулықтардағы тарау реті сақталды.
Міндеті: Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту ойлау қаблетін дамыту. Сұрақтарға дұрыс жауап беру. Оқушылардың білімін толық ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: |