Тіл-ұлттың басты негізі.Қай ұлт болмасын өзі қадір тұтатын,өөзіне тән ана тілі болады. Тіл елдің басты белгісі. Тілі жойылса ұлтта жойылады,тілі дамыса ұлтта кемелденіп дами бастайды
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті
Эссе
Тақырыбы:Тіл
Орындаған:Ердес А
Қабылдаған:Танабаева Г
Тобы:1201-12
Тіл-ұлттың басты негізі.Қай ұлт болмасын өзі қадір тұтатын,өөзіне тән ана тілі болады.Тіл елдің басты белгісі.Тілі жойылса ұлтта жойылады,тілі дамыса ұлтта кемелденіп дами бастайды. Қазақ тілі бұрыннан келе жатқан ауқымды ,мағыналы баламасы көп тілге жатады.Осылай әр ұлт өз тілінің ерекшеліктерін жетік меңгеріп оны әлемге танытып,жойылып кетпеуіне әрекет жасау керек.Ал егерде ұлттың тілі жойылса онда ол ұлттың жоқ болғаны десекте болады.Қазіргі кезде жойылу алдында тұрған тілдер қаншама.Ал тілдің жойылуына не себепші болуда.Мысалы белгілі бір ұлт қуғын сүргінге немесе басқыншылық кезеңінен өтіп жатқанда өз тілдеріннен айрылып жатады немесе тіл ауқымы тарылып қолданыстан шыға бастайды.Қазіргі кезде бұл мәселе біздің елдеде орын алуда.Өз тіліміздің қолданыстан шығуына біз өзіміз әсер етудеміз.Яғни біз өзімізздің ұлттық ана тілімізге қарағанда өзге ұлтта яғни орыс ағылшын тілінде сөйлеп жатамыз әрине бұл дегенім тек қазақ тілінде сөйлеу керек емес.ӨЗге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте дегенсөз бар.Яғни біз қанша өзге тілді білсекте өз тіліміздің қадір қасиеттерін ұмытпауымыз керек.Солардың ішінде өз тілін ұмыт қалдырып жатады.Ал өз тіліміздің жойылмауына және ұзақ өмір сүруі үшін біз мүмкіндігінше өз тілімізде көпшілік жерде сөйлеп тек құр сөзбен емес балама сөздермен,жүрекке жеткізіп әрі нәзік сөйлеп өзге ұлттарға өз тіліміздің ерекшелігін аңғартып біздің тілге деген қызығушылығын артыра отыруымыз керек.
Яғни тіл біз үшін қәсиетті құнды қазынамыз ретінде қарауымыз керектігін білуіміз керек.Және оны ұрпаққада насихаттап санасына құйып отырған жөн.