Ұлы жібек жолындағы прецедентті топонимдер
Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ ISSN 1999-4214
№ 3/2022
45
құрған – Түркістан [17]. Мұсылманның болған жер – Ынтыққаны Түркістан. Абылай
ханның тамған жер, Кіндік қаны Түркістан [18].
Арыс прецедентті есімінің құрылымы:
І Дифференциалды белгілері:
1) өзен;
2) бойы;
3) дауыл.
ІІ Төлсипаты:
1) ән мен жыр;
2) Шәмші.
ІІІ Қазақ лингвомәдени социумында Оңтүстік Қазақстанның сәні, ән мен
жырдың туындауына себепші.
Кез келген тіл иелерінің атауды қабылдауда жеке түсінігі болады: Өзіңмен
Арыстың, Бойында таныстым. Жайнаған гүлдер құрбым сен, Жағада тұрдың сен [14].
Қаратау прецедентті есімнің құрылымы:
І Дифференциалды белгілері:
киелі тау;
пана.
ІІ Төлсипаты:
Нұқ пайғамбар кемесі;
көш.
ІІІ Қазақ лингвомәдени социумында Қаратау киелі тау, жаугершілік заманында
пана болған, бүкіл әлемді топан су алғанда Нұқ пайғамбар кемесі тоқтаған ең биік, ең
көне тау символы.
Мақал: Беталды – Қаратау <ауыс. қазақ халқының басынан өткен
шапқыншылық, ашаршылық т.б. қиын-қыстау тарихи жағдайлардың бірінде үдере
көшкен, өз мекенінен басы ауған жағына қарай босып шыққан, Қаратаудан басқа барар
жері, басар тауы жоқ жұрттың бағыт-бағдарын анықтайтын, бұрын-соңды белгілі
болып қалған бір жолды мегзейтін сөз> [12].
Кез келген тіл иелерінің атауды қабылдауда жеке түсінігі болады: Тірі қалған
үшеуден Өсіп-өніп мұнша халық Дүния сөйтіп толыпты. Нұқтың мінген кемесі
Қаратаудың басында Бүгінге дейін тұрыпты [19].
Прецедентті есімдердің тілдегі қызметіндегі ерекшелік
символ ретінде
қолданысы. Бұл жағдайда прецедентті есім құрылымының өзегі болып табылатын
дифференциалды белгінің мәні артады, есімнің немесе прецедентті жағдайды ашатын
қандай да бір түсініктеменің қажеті жоқ, прецедентті есімнің өзі жеткілікті [11].
Атақты жазушылардың әртүрлi жанрда жазылған шығармалары, ән, қанатты
сөздер, т.б. прецедентті есімдердің қалыптасуы мен қолданысында маңызды рөл
атқарады, яғни белгiлi шығармалар, көркем фильмдер, қанатты сөздер адамдардың
сана-сезiмiне хабарламалық қызметiн iске асыру мақсатында қолданып жүр.
Прецедентті есімдерді естігенде, әр адамның сана-сезiмiнде әлеуметтi-психологиялық,
саяси-қоғамдық, тарихи құбылыстар оянады, әрине, бұл тек қана адамдардың аялық
бiлiмiне байланысты, егер адам прецеденттi есім сілтеп тұрған оқиғадан немесе т.б.
хабардар болмаса, онда ол адамға прецеденттi есім ешқандай ықпал жасамайды. Бұл
жағдайда мұндай есімдер тек қана атау (номинациялық), жекелеу қызметiн атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: