Тіл мәртебесі – ел мәртебесі Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата04.10.2020
өлшемі26,4 Kb.
#63962
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету, өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту.
2. Қазақ тілі туралы мақал - мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
3. Адамгершілікке, ізденуге, Тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі: (Оқушылар 3 топқа бөлінеді).
-Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар! Сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. 
Тіл мерекесі – барша қазақстандықтар үшін маңызы мен мәні бар айтулы мейрам. Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құрметті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өзі ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын қатысушы топтарға баға беретін әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет