Сөйлеудің коммуникативтік қызметі – тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі;
Сөйлеудің сигнификативтік қызметі – адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады;
Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізілу тәсілі.
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді
Биологиялық теориялар Қоғамдық теориялар
Биологиялық теориялар
Еліктеу теориялары
Одағай теориясы
Ымдау теориясы
Қоғамдық теориялар
Қоғамдық келісім
Еңбек теориясы
Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Бізді қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі) қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір басты қағидаларға өзек болуда.