Тілдік қатынас болмаса қоғамда әрекет те, байланыс та, қарым-қатынас та болмас еді, сондықтан ұжымдық қарым-қатынаста тілдің атқаратын ролі зор. Ұжымдық қарым-қатынастағы тілдің маңызы-тіл арқылы ойды түсінікті етіп беруге және ақпаратты үйлестіру, содан оны басқаларға жеткізуде. Олай болса ұжымдық қарым-қатынастыңболуы, оның тіл арқылы жүзеге асуы. Ал ұжымдық қарым-қатынастың зерттелу жүйесі қандай болды екен, енді осы сұраққа жауап іздесек...
Ұжымдық қарым- қатынастың амал тәсілдерін шетел тіл білімінің ғалымдары ХХ ғасырдың басынан бастап зерттеген. Одан кейін 30- жылдарда радионың көптеп тарала бастауымен сол арқылы қарым қатынас жүре бастады (насихат сөздер мен коммерциялық жарнамаларберілді ). Екінші дүние жүзілік соғыста ұжымдық қарым-қатынастың түрлеріне қажеттілікті көптеп талап ете бастады, өйткені қатынастың бұл түрі қару-жарақпен бірдей маңызға ие болып, содан психологиялық соғыс деген термин пайда болды. Ұжымдық қарым-қатынастың анықталуына батыс ғалымдарының сіңірген еңбектері көп. Шындығында осы терминнің де сол кездерде негізі қаланғандығына ешкім дау айтпаса керек. Батыс ғалымдарының барлығының дерлік пікірі Американ ғалымы Х.Лассуэллдің айтқан пікірлерімен сәйкес келеді. Бұл ұғымның кең өріс алуына Х.Лассуэллдің қосқан үлесі зор. Оны батыс еліндегі ұжымдық қарым –қатынас теориясының әкесі деп атауы жайдан-жай емес. Оған батыстағы алғашқы ұжымдық қарым-қатынас туралы жазылған еңбек тиесілі. Негізінде Лассуэлл 1946 өзінде –ақ ұжымдық қарым-қатынастың үлгісін ұсынған. Ол үлгіні әлі күнге дейін батыс ғалымдары классикалық үлгі деп келеді. Ол былай құралған: «кто что сказал,через посредство какого канала (средства) коммуникации кому, с каким результатом». Осы жүйені ғалым терминінің басты белгілерін айқындайды деп сендіреді. 1967жылы Лассуэлл бұл үлгіні аздап өзгертті. Арада өткен 20жыл уақыт ішінде ол былай өзгерді:»участники коммуникации-лерспективы-ситуация-основные ценности-стратегии - реакции реципиентов - эффекты». Олай болса ұжымдық қарым-қатынастың негізін салған Американ ғалымы Х.Лассуэлл.