Тілдік, тыныс алу жаттығулар



бет3/7
Дата19.12.2021
өлшемі39,36 Kb.
#103315
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тыныс алу жаттығулары

Көбелекті ұшырамыз. Тәрбиеші алдын-ала түрлі-түсті қағаздан кішігірім көбелектер үлгісін дайындайды да, оны жіпке бекітеді. Содан соң балаларға таратып беріп, бұл жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді.Балалар жіп ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады.Осы жаттығуды жіпке ілінген «ақшақарларды» да қолданып орындауға болады.

Ыстық сүт (шәй) ішейік. Біз сүтті өте ыстық болғандықтан бірден іше алмаймыз.Сондықтан оны тез суыту үшін көпіршіктерін (бетіндегі қаймағын) итере үрлеп ішеміз. Кәне, ыстық сүтті үрлейік. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

Футбол ойнаймыз. Балалар екі тең, жұп топқа бөлінеді де,үстелдің екі қарсы бетіне отырады. Алаңның ортасына – үстелге – кішігірім мақта бөлігі (доп орнына) қойылады. Балалар кезекпен допты үрлеп, қарсыласының қақпасына кіргізуге тырысады. Қақпа шекарасын қарындаштың көмегімен не басқа да тәсілдермен белгілеуге болады.Кім көп доп енгізсе, сол жеңімпаз атанады. Балалар 1 мин. ойнайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет