Тұқымның ісіну жылдамдығы бұршақ тұқымдас өсімдіктерде (жоңышқа, беде ж.б.) КОН немесе NаОН сілтісінің 0,5% -ды ерітіндісінде өлі тұқым қабықтарының әртүрлі өткізгіштігіне негізделген. 20°C жылылықта 45 мин. өткенде тіршілікке қабілетті тұқымдар ісінеді, ал өлі тұқымдар ісінбейді.
Тіршілікке қабілеттілікті бояғыш заттарда анықтағанда (тетрозол, индиго- кармин немесе қышқыл фуксинде) тұқымды алдын ала 18-20°C жылылықта белгілі бір уақыт аралығында (қара бидай, сұлы ж.б. - 1-2 сағ., арпа, күнбағыс - 4,5 сағ., бидай, жүгері-5-6, қарақұмық - 16-17, асбұршақ - 16-18 сағ. суда дымқылдандырады, сонан соң тұқымды ұзына бойымен тең екі жартыға бөледі (бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш), немесе тұқымдық қабығын алып тастайды (асбұршақ, күнбағыс, сиыржоңышқа т.б.), талдауға тұқымның бірінші жартылары алынады, ал екінші жартылары суы бар ыдысқа қалдырылады да қажет болғанда анықтауды қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: |