Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет35/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)
Курсовая на тему (Развитие науки и образования в странах Восточной Азии), План Амиржана, sadokhin ap etnologiia, А5ЫМДЫ0 2, 1051303372soozh 3, 1706719713Srsp1, 114074018esse adisteme, УМК по физике рус, икттт, архивтану 2 тапсырма, Министерство образования и науки Республики Казахстан, Әсемдіктің қызметі, Спандияр Кобеев, қысқа мерзимди жоспар
Үшінші тарау
керек делік. Дереккөздермен жұмыс істемегендіктен, 
олар өз қиялын қосады. Батырымыз алып, денесі 
ірі, жүзі сұсты, бір айқасуда жоңғардың үш батырын 
тізбектеп найзасына түйрейтін күш иесі болған деп 
қиял қуалайды. Бірақ олардың еңбегінен тарихтың 
иісі шықпайды. Орыс тілінде «научное мифотвор-
чество» деген тіркес бар, сол тура біздің жағдайға 
қатысты айтылған.
Тарихты оқығанда мен сол кездегі оқиғалармен 
замандас болған авторларды оқығым келеді. Мейлі, 
олар тарихшы болмай-ақ та қойсын. Бірақ олар 
көзбен көргендерін жазған. Сондықтан оларда ақиқат 
көбірек. 
Мәселен, Құнанбай қажы туралы оқығым келсе, 
соның көзін көрген адамдардың жазып кеткендерін 
іздеп оқуға тырысамын. 1830 жылдары Польшаның 
дворяндары Ресей империясына қарсы көтерілгенде, 
оны патша үкіметі аямай жаншып басып тастап
көтерілістің басшыларын жер аударады. Адольф 
Янушкевич есімді поляк қазақ даласына келіп, жиыр-
ма жылдай өмір сүреді. Осында жүріп қазақ тілін 
меңгерген. Даланы аралап, бір күні Құнанбайдың 
ауылына түседі. Янушкевич тарихшы емес, күнделік 
жазған адам. Сонда Құнанбай туралы құнды деректер 
келтіреді. Сол деректің бірінде: «Ауылына барғанда 
Құнанбайдың бір жасар ұлы ауырып жатыр» деген 
жері бар. Соған қарағанда, поляк «ауырып жатқан ұл» 
деп Абайды меңзеп тұр.
Және де Құнанбай туралы бірнеше тың деректер 
айтады. Құнанбайды біз «Абай жолынан» таныдық 
қой. Кеңес заманында оны зұлым, артта қалған 
феодал, кертартпа адам ретінде көрсетуге мәжбүр 


Ой салатын әңгімелер
[ 67 ]
болған. Құнанбайдың көзін көрген Янушкевичтің 
күнделіктерін оқып отырсақ, қажының шариғатты, 
дала заңдарын, патшалық Ресейдің үкімдерін жатқа 
білгенін байқаймыз. Ол кісі өте данышпан, есте сақтау 
қабілеті керемет болған дейді. Бұған әділеттік іздеп, 
шалғайдағы ауылдардан адамдар ағылып келіп жата-
тынын мысалға келтіреді. 
Мен этнография бойынша осындай кітаптарды 
іздеп жүргендіктен, осы серия туралы естіп, қатты 
қуандым. Таралымы, бар-жоғы, бес жүз дана. Көп емес. 
Бұл серия жайында мен 2011 жылы кездейсоқ біліп 
қалдым. «Өкінішті. Шыққаннан бері төрт жыл өтіпті, 
қалмаған болар», – деп ойладым. Бірақ «Үмітсіз шай-
тан» дейді ғой. Баспаға телефон шалып, редактормен 
сөйлескенде, әлі бар екенін білдім. «Академкітапта» 
68 мың теңгеге сатылып жатыр екен (1 доллар шама-
мен 147 теңге тұрған заман, есептей беріңіз). Ол кез-
де магистратурада оқып жүргендіктен, бұл ақшаны 
қымбатсындым. Шәкіртақым айына 45 мың теңге бо-
латын.
Студент кезде күн көру үшін тырысасың ғой. Сол 
жылы мен бір жігітке магистрлік диссертациясын 
жазып беріп, 60 мың теңге жасаған едім. Редакцияға 
хабарласқанымда, 60 мың теңгеге бере алатында-
рын айтты. Біршама уақыт тер төгіп тапқан ақшам 
болғандықтан, ол соманы қимадым. Телефонмен көп 
саудаласып, ақыры редактор жағдайымды түсінді де, 
қырық мыңға берді. Бірнеше аптадан кейін поштама 
кітап толған екі қорап та келіп жетті.
Сол кезде кітаптың жарық көргеніне төрт жыл 
өтсе де, аз ғана таралыммен шыққан серияның әлі 
күнге дейін сатылмағанына таңғалдым. Басқасын 


[ 68 ]
Үшінші тарау
айтпай-ақ қояйын, парламентте ел тізгінін қолға алып 
отырған талай депутат, үкіметте талай министр, елде 
зиялысымақтар көп қой, талап алып кететін дүние 
емес пе? Елдің болашағына үңіліп, келешегімізге әсер 
ететін шешімдер жасайтын адамдар осылар емес 
пе? Сонда олар өткенімізді білмей, ертеңімізді қалай 
анықтайды? 
Егерде қызықсаңыздар, әлгі серияны іздеп көру-
леріңізге болады. Сол құнды кітаптар еш қимылсыз 
қоймада әлі де шаң басып жатқан шығар...
ОЗАР ЕЛДІҢ ҰЛДАРЫ КІТАП ОҚиДЫ, ТОЗАР 
ЕЛДІҢ ҰЛДАРЫ ҚАЛТАФОН ШҰҚиДЫ
Мен отызға жуық елде болдым, сонда көп халық-
тың метрода, саябақтарда, кофеханаларда кітап оқи-
тынын көремін. Түркияда жастар адам көп өтетін жер-
лерде жерге төсеніш төсеп, кітаптар сатып тұрады. 
Ыстамбұлда туристер көп жүретін жерлерде кәдесый 
дүкендерімен қатар кітап сататын орындар да толып 
тұр. Оңтүстік Кореяда да дәл солай. Еуропа елдері ту-
ралы сөз қозғамаса да болады, айтпаса да түсінікті. 
Ташкенттегі Янгиабадта бірнеше жыл бұрын шыққан 
кітаптарды көп іздемей-ақ тауып аласыз. 
Әзірбайжан мен Грузияға сапарлағанымда, екі 
елде де адым жерде кітап сатылып жатқанын бай-
қадым. Біздегі DVD-дискілерге арналған қолдан 
соғылған сөрелерді көрген боларсыздар. Тура сон-
дай сөрелер Тбилисидің де көшелерінде қаптап тұр 
және сол сөрелерде арзан киноның орнына кітаптар 
лық толған. Жасы бар, кәрісі бар – бәрі алып оқып жа-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет