Эмбрионалды гистогенезде аз маманданған жасушалардан алғашқы тіндердің бастамасы түзіледі.Бұл онтогенездегі тіндер мен мүшелердің алғашқы дамуына жатады.Гистогенетикалық дифференциялануы кезінде арнайы қызмет атқаратын әртүрлі тіндер түзіледі.Алғашқы бағаналы жасушадан-келесі дифферон қатарын түзетін жасушалар түзіледі.Әрбір тіндерде мұндай жасушалардың дифферон қатарларының саны әртүрлі болады.Гистогенетикалық дифференцияланудың нәтижесінен ең негізгі тіндер тобы-эпителий,қан мен лимфа дәнекер,ет және нерв тіндері дамиды.Даму шегі нәресте дүниеге келгеннен кейін де жүреді.Постэмбриональді тіндердің дамуында бағаналы,жартылай бағаналы жасушалардың ықпалы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |