Томография - кеуде бетінен әр түрлі қашықтықтағы өкпенің рентген бейнесін суретке түсіру. Өкпе ішінде терең жатқан құрамдарды табуға мүмкіндік туғызады (өкпенің ісігі т.б.)
Флюорография. Кеуде мүшелерінің рентгендік бейнесін кішкене фотосурет етіп түсіруді флюорография дейді. Бұл тәсіл қыска уақытта көптеген адамды тексеріп шығуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан ол профилактикалык тексерулер кезінде қолданылады.
Эндоскопиялық методтарТрахеобронхоскопия. Трахея мен бронхтың ішікі бетін әдейі құрал бронхоскоп пен қарауды трахеобромхоскопия дейді. Бұл тәсіл трахея және бронх ішіндегі әртүрлі патологияық процесстердің (қабыну, бронх ісігі т. б.) диагнозын қоюға көмектеседі.
Эндоскопиялық методтар Трахеобронхоскопия. Трахея мен бронхтың ішікі бетін әдейі құрал бронхоскоп пен қарауды трахеобромхоскопия дейді. Бұл тәсіл трахея және бронх ішіндегі әртүрлі патологияық процесстердің (қабыну, бронх ісігі т. б.) диагнозын қоюға көмектеседі.
Бронхоскоп көмегімен бронх және трахеяның, кілегей қабығының биопсиясын (кішкене тілімді гистологиялық тексеруге алу) жасайды.
Торакоскопия - тракоскоп көмегімен плевра қуысын қарау. Тракоскопия плевра ауруларын анықтау үшін колданылады
Функциональды методтарСпирометрия—спирометр көмегімен өкпе көлемдерін өлшеу. Спирография - тыныс көлемдерін және өкпе желденуі көрсеткіштерін сызық түрінде жазу.