Тыныс алу жүйесі ауруларының аспаптық ЖӘне зертханалық зерттеу әдістері қақырықты зерттеу


СТАНДАРТ Қақырықты туберкулез таяқшаларына зерттеуге алу



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі55 Kb.
#97214
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9a6148f2-3a77-4f56-a3e0-9b772a9e4c01

СТАНДАРТ
Қақырықты туберкулез таяқшаларына зерттеуге алу.
Мақсаты: туберкулез микобактерияларын анықтау, науқасты өздігінен
қақырық жинауға үйрету.
Қолданылуы: тыныс алу мүшелерінің аурулары.
Әзірле:

  • Үш түкіргіш (бір реттік немесе көп реттік) немесе бұрандалы қақпағы бар контейнер;

  • таза құрғақ мойны жуан қақпағы тығыз жабылатын шыны ыдыс (банка) – 50-200мл;

  • жолдама толтырып, банканың сыртқы бетіне жабыстырыңыз;

(науқастың аты-жөні, туған жылы, жинаған күні, науқастың идентификациялық нөмірі, жолдама Ф. ТБ-05 ).
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа зерттеуге қақырық жинау ережесі жөнінде мағлұмат беріңіз және келісімін алыңыз.
2.Қақырық жинау арнайы қақарық жинайтын терезесі ашылатын, желденетін, сору вентиляциясы және кварцтау лампасы бар бөлмеде, бөгде адамдарсыз жүргізіледі.
3.Клеенкалы алжапқыш, резеңке қолғап киіңіз.
4.Қақырықты 3 күн қатарынан таңертең ас ішер алдында жинаңыз.
5.Науқастан тісін тазалауын, ауыз қуысын және тамағын сумен немесе сода ерітіндісімен шаюын сұраңыз.
6.Науқастың арқа жағында тұрыңыз, аузына түкіргішті немесе контейнерді апаруын сұраңыз.
7.Науқастан аузын орамалмен немесе матамен жауып, 3 рет терең дем алып және дем шығаруын, соңынан жөтеліп және 3-5 мл мөлшерінде қақырығын түкіргішке жиегіне тимей түкіруін сұраңыз.
8.Түкіргіштің (контейнердің) қақпағын жабыңыз.
9.Түкіргіште түкірік емес, қақырықтың іріңді бөлінділері екеніне көз жеткізіңіз.
10.Таңертең жиналған қақырықты тәулік ішінде зертханаға жіберіңіз.
11.Жолдама толтырыңыз – Ф. ТБ-05
Ескерту!

  • Емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жинау жоғарыдағыдай ережемен жиналады. Ерекшелігі: қақырық жинау екі қабылдауда жүргізіледі.

Бірінші қақырық жинау сынағы науқас емханаға қаралған күні таңертең медициналық қызметкердің бақылауымен жиналады.
Екінші сынақ – келесі күні таңертең науқастың үйінде жинап зертханаға жібереді.
Үшінші сынақ – қақырық сол күні, тек емханада медициналық қызметкердің бақылауымен жиналады.

  • Қақырық жинау міндетті түрде медициналық қызметкердің бақылауымен жүргізіледі;

  • Көп рет қолданылатын түкіргіш пен контейнерлер дезинфекцияланып және стерильденеді;

  • Бір реттік түкіргіштер пайдаланғаннан кейін жойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет