Кортикостерон, альдостерон, гидрокортизон Бір жауабы бар сұрақтар
19 жастағы науқасқа үсіктен кейін Шапаров буынының деңгейінде дезартикуляция жүргізілді. Қандай артерияның пульсациясы диагностикалық белгі ретінде ампутациялық тұқылдың өмір сүру қабілетілігін анықтайды.// +аяқ басының сыртқы артериясы
5 жасар бала мұрынмен қиын демалуына, түнде қырылдауына, жиі мұрын бітелуіне, мазасыздығына және бас ауруларына шағынданып келді. Сыртқы тексеріс кезінде тері жабындысы бозғылт, бала жиі ауызбен демалады, төменгі жақ сүйеменденген (түскен), сілекей ағуы байқалады. Жұтқыншақтың мұрындық бөлігін тексергенде жұтқыншақ бадамшасы ұлғаюының ІІІ сатысы (дәрежесі) байқалды және ота тағайындалды. Ота кезінде кенеттен қан ағу басталды. Бұл асқынудың себебі қандай болу мүмкін?// +бет артериясының зақымдануы
Холецистэктомия отасы кезінде лигатураға өт қапшығының артериясының орнына тамыр тартылды, нәтижесінде бауырдың оң бөлігінің некрозына алып келді. Өт қапшығы артериясының орнына қандай қан тамыр байланды.// +меншікті бауыр артериясының оң жақ тармағы
56 жастағы айырша бездің ісігі бар науқаста кенеттен ционоз пайда болды, тері асты шел май қабатының веналық өрімнің кенеюі және беттің, мойынның, қолдың жұмсақ тіндерінің ісінуі байқалды. Айырша бездің синтопиясын ескере отырып, қандай құрылым ісікпен басылғанын анықтаңыз.// +жоғарғы қуыс вена
Брахиморфты типті адамдар жүрегінің орналасуы:// +горизонталды
Жүрек клапандары қай қабаттың қатпарларынан түзілген?// +эндокард
70 жасар науқастың ЭКГ-де RR-интервалының ұзақтығы 1,5 сек, жүректің жиырылу жиелігі – 40 мин екені анықталды. Жүрек ырғақтылығының негізгі бағыттаушысы не болып табылады.// +сино-атриалдық түйін
Негізгі (басты) қан тамырмен қатарлас жүретін қосымша қан тамырлардың аттары:// +коллатералды
Кардиология бөліміне түскен, 57 жасар ер адамда сол жақ жүрекше миокардының қан айналымының бұзылысы анықталды. Қанайналым бұзылысы қай қан тамырдың арнасында болғанын анықтаңыз.// +сол жақ тәждік артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағы
Клиникалық тәжірибеде науқастың ауыр жағдайы кезінде шұғыл көмек көрсетуде бұғанаасты венасы жиі қолданылады. Оның орналасуын табу үшін қандай нысаналарды білу керек.// +бұғанаасты вена алдыңғы сатылы бұлшықетінің алдында I қабырға мен бұғана арасында орналасқан
Құрсақ қуысындағы мүшелерге ота жасау кезінде, қақпа венасының қуысын қысатын және оның бойындағы қан ағысын бұзатын кедергі табылды. Анықталған қақпа венасы қуысының қысылуы қандай веналардың қызметінің бұзылуына әкеледі.// +көкбауырдың, төменгі және жоғарғы шажырқай вена ағысының өзгеруі
Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы диагнозымен хирургиялық бөлімшесіне 10 жастағы бала жеткізілді. Құрт тәрізді өсіндіні қанмен жабдықтайтын артерияны атаңыз.// +a. ileocolica-дан a. appendicularis
Бала велосипедтен құлаған кезде иық буыны шығып кетті. Осы буынның капсуласы жарылуы нәтижесінде зақымдалуы мүмкін артерияны атаңыз.// +a. circumflexa humeri anterior
Науқастың веналық арнасына дәрілік препаратты енгізу қажет. Көрсетілген манипуляция үшін пайдаланылатын қолдың беткей венасын атаңыз:// +аралық шынтақ венасы
Жол көлік апаты нәтижесінде ер адамда тоқпан жіліктің сынуымен иық артериясынан ауқымды қан кету анықталды. Коллатералды қан айналысын ескере отырып, уақытша қан кетуді тоқтату үшін жгут салатын жерді анықтаңыз.// +иықтың терең артериясы басталар жерден жоғары
Клиникалық көрсеткіш бойынша науқасқа жатырды алып тастау отасы жасалды, осы жағдайда жатыр артериясы байланды. Ота нәтижесінде анабездің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылуы мүмкін бе?// +жоқ, анабезі іштік қолқаның анабез артериясымен қамтамасыз етіледі
Өт қабын алып тастау операциясы барысында хирург бауыр қақпасында екі артерияны тапты – бауырдың меншікті артериясының тармақтары. Өт қабын қоректендіретін артерияны атаңыз //+a. cystica
Өт қабын алып тастау(холецистэктомия) отасынан кейін науқаста бауырдың оң бөлігінің қанмен жабдықталуының бұзылуы түрінде ауыр асқыну анықталды. Зақымдалған тамырды атаңыз:// +оң жақ бауыр артериясы
Қолқаның жалпы мықын артерияларына тармақталатын деңгейі орналасады:// +L4-L5
Тоқ ішектің басым бөлігін қанмен жабдықтайтын тармақ:// +a. mesenterica superior
Қолтық артериясынан латеральды сүт безі тармағы (артерияальды) шығатын үшбұрыш:// +екінші үшбұрыштан (m. pectoralis minor) trigonum pecrorale
Асқазанның артериальды анастомоздарының орналасуын көрсетіңіз:// +асқазанның кіші иінінде
Төменгі бұлшықеттік-кіші жіліншік өзегінен өтетін артерия:// +a. peronea (fibularis) кіші жіліншік артериясы
Жүректің үлкен венасы құяды:// +тәждік қойнауға
Перикард (жүрек қабы) туындылары:// +қиғаш және көлденең қойнаулар
Сыңар вена қандай венаға құятынын көрсетіңіз:// жоғарғы қуыс венаға
Жүректік қанайналым шеңбері:// +қолқаның тәждік артерияларымен басталып, оң жақ жүрекшеде аяқталады
Тоқ ішектің төмендеген бөлімінен, сигма тәрізді және тік ішектен веноздық қанның ағуы//+v. mesenterica inferior төменгі шажырқай венасы және v. Portae қақпа венасы