клапанды пневмоторакс
44. Науқас К., 30 жаста, сол жақ өкпенің S2 ошақты туберкулезіне күдікті болып туберкулезге қарсы диспансердің бөлімшесінде тексерілуде. Өкпедегі өзгерістер профилактикалық тексеру кезінде келесі зерттеу әдісін қолдану арқылы табылды: флюорографиялық
45. Науқас Г., 11 жаста, ТҚД стационарына әлсіздік, тез шаршау, жүдеу, субфебрилді температура шағымдарымен түскен. Анамнезі: туберкулезбен ауыратын туысқанымен контакта болу себебімен тексерілген. Манту 2 ТБ сынамасы –15 мм. Асқазан шайындысынан ТМБ табылмаған. Кеуде торының жалпы шолу рентгенограммасында сол жақ өкпесінің түбірінің қараюы кеңейген, деформацияланған, сыртқы контуры тегіс емес жайылма, жоғарғы бөлігінде диаметрі 1,5×2,5 см, орташа интенсивті, біртекті контуры жайылған, фокусты қараю көрінеді. Осы мәліметтер бойынша қандай диагноз қоюға болады:біріншілік туберкулезді комплекс
46. Науқас И., 15 жаста, туберкулезбен ауыратын мамасымен контактта болуы бойынша туберкулезге қарсы диспансерде есепте тұрған. Профилактикалық рентгенологиялық тексеруден кейін өкпедегі өзгерістер табылды. Шағымы жоқ. Манту 2 ТБ сынамасы – 12 мм. Жағдайы қанағаттанарлық, тамақтануы төмен. ТМБ микроскопиядан табылған.Кеуде торы мүшелерінің жалпы шолу рентгенограммасында оң жақ өкпенің S1-2 өкпе суретінің күшеюі фонында әлсіз интенсивтілікті, контуры айқын емес ошақты қараюлар анықталады. Осы мәліметтердің негізінде қандай диагноз қоюға болады: өкпенің ошақты туберкулезі
47. Науқас Т., 34 жаста, жедел ауырған: кенеттен дене қызуы 38,5 °С дейін көтеріліп, қалтырап, қатты терлеп, кеуде торының сол жағы ауырып, демалғанда ентігіп, сырқаттанған. 4 ай бойы әлсіздіктің өршуі, дене салмағының 12 кг дейін төмендеп кетуі байқалады. 3 жыл бұрын бас бостандығынан айырылып, сол жерде туберкулезбен ауыратын науқастармен контактта болған. Артқы оң жақ жауырын үштігі ортасында және алдында ІІІ қабырғаға дейін перкуторлы қысқару дыбысы естіледі. Аускультативті көптеген ылғалды сырылдар. Гемограммада: Hb – 102 г/л, Эр – 4,1×10*12 г/л, L –11,8×10*9 г/л, э – 7%, т/я – 52%, с/я – 21%, л – 8%, м – 12%, ЭТЖ – 54 мм/с. ТМБ микроскопия әдісімен (+++) табылған. Манту 2 ТБ сынамасы – теріс. Кеуде торы мүшелерінің жалпы шолу рентгенограммасында гомогенді емес орташа және жоғары қаттылықтағы оң жақ өкпенің тұтас инфильтрациясы, оның ішінде толып жатқан ұсақ және орташа ыдырау қуыстары көрінеді. Алынған мәліметтердің негізінде қандай диагноз қоюға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |