Шәкәрім Құдайберді 11 шілде 1858 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келеді. Ұлы ақын, ойшыл, композитор,аудармашы.Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абайдың қолында тәрбиеленеді. Бұл жағдай Шәкәрімнің дүниеге көзқарасының қалыптасуына , ақындық шеберлігілінің шыңдалуына зор әсер етті. Ол жастайынан орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп Батыс – Шығыс әдебиеттерін терең білді. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып , Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды.
Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ,ол бар нәрсенің қай –қайсысынада мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да соы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматық үні осы тараптан естілді. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрілді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. 1905 жылы Шәкәрім қажылыққа сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып , ақын өзінің байырғы арманынн жүзеге асырады. Стамбул, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде « Түрік ,қырғыз , қазақ һәм хандар шежіресі» кітабын жазады 1911 жылы. « Өмір» « Сәнқойлар» «Ызақорлар» « Қылжыңбас» « Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең- жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады . Сонымен қатар « Еңлік – Кебек» поэмасы атты шығармалары бар . Еңлік - Кебек поэмасы екі жастың махаббатын жыр ететін шығармалардың жалпы атауы, шығарма шын өмірде болған ғашықтардың трагедиялық тағдыры арқау болғандығы айтылатын поэма