Жүйке ұштары(лат. terminationes nervorum terminatio — ұшы және neuron — жүйке) — жүйке талшықтарының соңғы ұштары. Жүйке ұштары: рецепторларға (тітіркеністі қабылдайтын соңғы құрылым) және эффекторларға (жүйке толқынын орындаушы жұмысшы мүшелерге —Бұлшықеттерге, бездерге жеткізетін аппарат) бөлінеді.
Рецепторлар бос (соңғы жүйке тармағы) және қапталған (жүйке үшін нейроглия жауып тұрады) жүйке үштарына ажырайды. Қапталған жүйке ұштары өз кезегінде қапшықталған (жүйке ұштары қосымша дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталады) және қапшықталмаған болып екіге бөлінеді.
Эффекторлар — нейромускулалы (Бұлшықеттерде), нейрогландулалы (бездерде) және нейросекретті (секрет бөросекретті жүйке ұшына — неирогипофиздегі жинағыш денешіктер жатады.