Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар


Синапстың құрылысы мен қызметі



бет29/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 2 бөлімнен тұрады: пресинапстық (сйнапстың алдындағы) және постсинапстық (синапстың соңыңдағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана нейрон аксонының жуандаған ұшы – синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады (лат. медиатор — делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасыңда синапс а р а л ы ғ ы болады. Ол клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.

Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал өрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзей алады.,

Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: Қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда ү-амин қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады деген болжам бар.

Әрбір нерв клеткаларында коптеген тежеуші жөне қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв өрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады.

Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет