Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бірімен-бірі тұтасып, қозғалмайтындай болып байланысқан.
Шамалы қозеалатындарға - омыртқалардың бірімен-бірі шемір-шектер арқылы және қабырғалармен байланысуы жатады.
Қозғалмалы (еркін) немесе буындық байланысқа аяқ-қол сүйектерінің байланысы т.б. жатады .
Буындар. Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын дегеніміз сүйектердің қозғалмалы байланысатын жері. Әрбір буынның сырты тьныз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығының буын сұйықтығы бөлінеді. Сұйықтык үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады.
Сүйектің бірімен-бірі байланысатын шеті жылтыр, тегіс шемір-шекпенқкапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) өлсіретеді.
Бұлшық ет ұлпасы. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы. Көлденең жолақты бұлшық ет. Жүрек еті.
Бұлшық ет ұлпасы – организмнің қозғалысы мен ішкі органдарының жиырылу процестерін қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде мамандалған ұлпалар. Бұлшық еттің үш түрін ажыратады:
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы;
Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы;
Жүрек бұлшық ет ұлпасы.
Достарыңызбен бөлісу: |