антогонист – қарама -қарсылық бар. Мысалы, екібасты бұлшықет бицепс - шынтақ буынын бүккіш. Ал үшбасты бұлшықет трицепс - шынтақ буынын жазғыш. Сезім билейтін бұлшыкеттері бір ұшымен — бассүйек сүйектеріне, екінші ұшымен теріге бекінеді. Оттегі жетіспегенде және сүт қышқылы жинақталғанда, сіңірлер созылғанда, жүйкелік орталықтар «қажығанда», бұлшыкеттер де қажиды.
2. Симпатикалық жүйке жүйесі — омыртқаны бойлай орналасқан оң және сол шекаралық симпатикалық бағандардан, ганглийлерден яғни жүйке түйіндері, ганглийлерді өзара және жұлын эффекторларымен байланыстыратын жүйке талшықтарынан құралған адам мен омыртқалы жануарлардың автономдық жүйке жүйесінің бір бөлігі.
Парасимпатикалық жүйке жүйесі (parasympathica systematis nervosi, лат. Para – маңы, systema — жүйе, nervus — жүйке) — қызметі автономды түрде іс жүзіне асатын жүйке жүйесінің бөлігі.
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің жүйке орталықтары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның құйымшақ (сегізкөз) бөлімінде орналасады. Орталық жүйке орталықтарынан шыққан миелинді түйіналды (преганглионды) жүйке талшықтары жүйке ганглийлеріндегі мультиполярлы нейроциттерде аяқталып, жүйке толқындарын жеткізеді. Ганглий нейроциттерінің аксондары постганглионды миелинсіз жүйке талшықтары ретінде ганглийлерден шығып, ішкі мүшлердегі етті қабықтар мен етті қабаттарды және бездерді жүйкелендіреді. Парасимпатикалық жүйкелену тері тамырларында, тер бездерінде, түк бұлшықеттерінде, бүйрекүсті безінде, көкбауырда, бұлшықеттерде болмайды.
СИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІМ:
жүректің жиырылу жиілігі мен күшін арттырады;
адреналин шығарылуын ынталандырады;
қандағы глюкоза деңгейін арттырады;
қан қысымын арттырады;
бас миының, өкпенің және коронарлық артериялардың кеңеюін тудырады;
ішектің перистальтикасын және ас қорыту бездерінің (сілекей) жұмысын тежейді, тегіс бұлшықет сфинктерін азайтады;
несепағардың перистальтикасын азайтады, бұлшық етті босаңсытады және қуық сфинктерін азайтады;
бронхтар мен бронхиолдарды кеңейтеді, өкпе желдеткішін күшейтеді;
көз қарашықтарын кеңейтеді;
ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІМ:
жүректің жиырылу жиілігі мен күшін азайтады;
қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді;
қан қысымын төмендетеді;
ішектің перистальтикасын күшейтеді және ас қорыту бездерінің (сілекей) жұмысын ынталандырады, тегіс бұлшықет сфинктерін босаңсытады;
несепағардың перистальтикасын күшейтеді, бұлшық еттер мен қуық сфинктерін босаңсытады;
бронх және бронхиолды тарылтады, өкпенің желдетілуін азайтады;
көз қарашықтарын тарылтады
● Симпатикалық жүйке жүйесі барлық ағзаларды жүйкелендіреді: жүрек, тамырлар, бронхтар, Асқорыту жүйесі, несеп-жыныс жүйесінің, тері бездері, бауыр, қарашық бұлшықеттері, жатырды, липолиз жүретін тіндер, гликогенолиз, бүйрек үсті бездерін, ішкі секрецияның басқа да бездері.
Симпатикалық жүйке жүйесі ағзалардың жұмыс қабілеттілігін айтарлықтай жоғарылатады. Яғни оның әсерінен гликогенолиз, гликонеогенез, липолиз жоғарылап, жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі күшейеді, яғни қан массасының гипоксияға шыдамды аймақтардан қайта таралуы жүреді. Бұл аймақтарда оттегі мен энергия көзі - тіршіліктің негізі болып табылады. Өкпе желдетілуінің жақсаруы жүреді. Сонымен бірге, симпатикалық жүйке жүйесінің белсенуі эякуляция үдерістеріне алып келеді.
Жалпылай алғанда, симпатикалық жүйке жүйесінің эрготропты қызмет атқаратындығы туралы көптеген ғалымдардың ойымен келісуге болады. Яғни ол ағзаның белгілі бір деңгейде жұмыс қабілеттілігін көтеріп, ағзаның тіршіліктік қорларын жоғарылатады.
● Парасимпатикалық жүйе жүректе жиіліктің, күштің, Асқорыту жүйесі өткізгіштіктің, қозғыштықтың тежелуін, бронхтарында белсендіруге, кеңірдек пен бронхтардың шырышты жасушаларының – белсендіру, шырышты жасушаларын – белсендіру, Асқорыту жүйесі сфинктері мен қуықтың сфинктеріне босаңсыту, детруссор қуықтың бұлшық етін- белсендіру, қарашық сфинктерін белсендіру, көздің кірпікшелі бұлшықетін – белсендіру, жыныс ағзалары тамырларының қан толуының жоғарылауын, сілекей бездерінің белсенуі, жас сұйықтығының бөлінуін күшейтеді. Жалпы алғанда, папасимпатикалық талшықтардың қозуы гомеостаздың қалпына келуіне, яғни трофотропты әсердің дамуына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |