Гипофиздің қай бөлігінде жинағыш Херринг денешіктері бар?
артқы
Құрылыс- қызметін атқаратын бірлігі - фолликул болып табылатын эндокринді без қайсысы?
қалқанша без
Қалқанша безден дайындалған препаратты зерттеу барысында қабырғасындағы тироциттері жалпақ, ірі фолликулдары бар екені байқалады. Бұл без қызметінің қай кезеңіне сәйкес келеді?
гипофункциясына
Қалқанша бездің фолликул аралық дәнекер тінінде немесе фолликул қабырғасында орналасқан, секреторлы түйіршіктері осмиофильді және аргирофильді боялатын жасушалары қайсысы?
парафолликулярлы эндокриноциттері