Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері



бет7/12
Дата07.02.2022
өлшемі4,11 Mb.
#89790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
0007270c-2dd5b176

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар барынша ауқымды болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай ҚР үш және одан да көп облыстарының аймақтарына тараса немесе көрші мемлекеттің шекарасына өтетін болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін: қаза тапқандар саны 200 адамнан асса; тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 1500 адамға дейін;

Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы. Сонымен қатар авария-нысанда, белгілі бір аумақта немесе аймақта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және ғимараттардың, құрылыстардың, құрылғылар мен транспорттық құралдардың қирауын, өндірістік және транспорттық үрдістің бұзылуын, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға шығын келтіруді тудыратын қауіпті техногенді оқиға. Апат - өзімен бірге аймақтық немесе ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайды, адам құрбандығын алып келетін ірі авария, қиратушы құбылыс. Техногенді қауіп – нысандарды қалыпты пайдалану процессіндегі адам мен қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зияндығы түрінде, болмаса пайда болуы кезіндегі адамға және қоршаған ортаға техногенді сиаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы әрекеті ретінде жүзеге асатын техникалық жүйесінің, өндірістік немесе транспорттық нысандарының өзіне тән ішкі жағдайы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет