Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайға жататындар:
өндірістік авариялар;
көліктік авариялар (темір жол поездарының, теңіздік және өзен кемелерінің, авиациялық, көліктік, магистралды құбырлардың апаты);
өрттер (жарылыстар);
төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) ҚӘУЗ;
төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) РЗ;
төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) БҚЗ (биологиялық қауіпті заттар);
кенеттен ғимараттың құлауы;
электр –энергия жүйесіндегі авария;
тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдық тораптардағы авариялар;
тазалау құрылғыларындағы авариялар;
гидродинамикалық авариялар (судың бөгеттерді бұзып шығуы).
Екінші негізгі белгісі-таралу ауқымы мен келтірген материалдық шығынының көлеміне қарай төтенше жағдай мынадай ТЖ бөлінеді.
нысандық төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса;
жергілікті төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса, бірақ облыстың 2 ауданына ғана тараса;
аумақтық төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы бір облыстың кем дегенде 3 ауданына тараса, немесе ТЖ ҚР 2 облысында пайда болса;
барынша ауқымды төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының 3 немесе одан көп облыстарына тараса немесе көрші мемлекеттердің шекарасына шықса.
Достарыңызбен бөлісу: |