Тіршілік қауіпсіздік негіздері


Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы



бет87/90
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#89791
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
Байланысты:
Тіршілік қауіпсіздігі дәрістер жинағы

Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдырының жиынтығын айтады.


Бұл қарудың қауіптілігі-приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтауүшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.
Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары –тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі-адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.
Қорғаныс ғимараттарды адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.
Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет