Тисо модулдік оқыту технологиясы


§ 33 оқып,жер асты суларына сызба құрастыр



бет2/2
Дата08.06.2018
өлшемі0,69 Mb.
#41361
1   2
§ 33 оқып,жер асты суларына сызба құрастыр

  • Жер асты суларын пайдалану жолдарын ауызша әңгімеле.

    6 тапсырманы тексерт /10ұпай/

    1 бақылау жұмысын орында.



    тапсырма № 7

    Бір тапсырманы таңдап алып, орында:

    Қазақстанның суын қорғаудың қажеттілік екендігі жайлы эссе жазу.

    Арал мен Балқаштың қорғау проблемасының шешу жолдарын жалғастыр.

    Өз еліңдегі суды пайдаланудың проблемасы мен қорғалуы жайлы әңгімеле.

    Венна диаграммассын сал «ҚР аумағын су ресурсымен қамтамасыз ету»

    7 тапсырманы тексерт /5ұпай/

    № 2 бақылау жұмысын орында


    Бақылау жұмыс №1

    1.мына ұғымдарға анықтама бер: көл, өзен, құлауы, қимасы, жылдық ағын, су шығыны..

    2.Қазақстан өзендері қандай алаптарға жатады? Мысал келтір:

    3.сәйкестендір



    дүние бөлігі өзен торының жиілілігі ( 100 кв. км)

    1. солтүстік А) 2-4км

    2.орталық В) 4-6км

    3.оңтүстік С) 0,5км

    Өзен торы жиілілігінің себебін түсіндір.

    4. Ертіс өзенінің графигін сипатта.

    5.Қоректену бойынша қандай типтерге бөлінеді.?

    6.Су қоймасы деген не? Қай өзендердің бойында орналасқан? Олардың маңызы.

    7.Каспий теңізін қорғаудың маңыздылығы.

    8. Арал теңізіндегі экологиялық ахуал қандай жағдайға әкеп соқтырады?



    Бақылау жұмысы №2

    1.Қазақстан аумағында өзен торы қалай таралған ? Бұны немен түсіндіруге болады?

    2.Қазақстан өзендері қандай алаптарға бөлінеді, сызбаға түсір? Оның суайрығы» қайдан өтеді?

    3. Жаздың басында қай өзендердің арнасы толады? неге?

    4. Каспий теңізінің ерекшеліктерін ата.

    5.елімізде жерасты суларының қандай типтері бар? Олар қалай пайдаланылады?

    6.Минералды сулардың қолдануы жайлы әңгімеле.

    7. Физикалық картада Балқаш көлі неге екі түске боялып тұр.? Түсіндір.



    Рейтингілік парақ



    ұпай

    Алған ұпай саны

    Кім тексерді

    Кімді тексерді

    баға

    №1

    5

    4

    5















    барлығы

    14













    №2

    4

    5

    2



    5













    барлығы

    16













    №3

    5

    5














    барлығы

    10













    №4

    5

    5














    барлығы

    10













    №5

    10













    барлығы

    10













    №6

    5

    5














    барлығы

    10













    Б/ж №1

    10













    7

    5













    Б/ж№.2

    15













    барлығы

    100














    Бағалау сараптамасы: "5"- 90-100 ұ. "4"- 71-89 ұ. "3"- 51-70 ұ.

    8 сынып 7 сағат
    «Қазақстанның топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі.

    Қазақстанның табиғат зоналары»

    тақырыбыныңың оқу парағы.

    Тақырыпты меңгеру нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:

    Білуі тиіс: Біліктілігі болуы тиіс:


    1.топырақтың қалыптасуы мен факторлары

    2. климаттың, жер бедерінің төсеніш бетінің топырақты қалыптастырудағы ролі;

    3.топырақтың механикалық құрылым.

    4.Қазақстандағы өсімдік пен жануарлардың таралу ерекшеліктері;

    5.ТЗ таралуы;

    6.ТЗ ерекшеліктері.

    7.экологиялық проблемалар;


    1. Қазақстанның топырағының негізгі типтеріне карта бойынша сипаттама беру;

    2. Топырақтың механикалық құрылымын сипаттау;

    3. ДЖ топырақ картасымен ҚР -ның топырақ картасын салыстыру.

    4. Климаттық карта мен табиғат зонасын салыстыру.

    5. ТЗ картадан көрсету;

    7. ТЗ жоспар бойынша сипаттау;

    8.ТЗ арасындағы компоненттердің байланысын анықтау;

    9.экологиялық проблемаларға баға беру және олардың шешу жолдарын қарастыру












    Негізгі ұғымдар:

    топырақ, топырақ қалыптасу факторлары,топырақты горизонт, топырақ эрозиясы, мелиорация, құнарлы топырақ, реликті өсімдіктер және жануарлар, эндемиктер, зоналық факторлар, ендік зоналылық, биіктік белдеу, табиғат зонасы.



    Әдебиет:

    Оқулық: «Қазақстанның физикалық георграфиясы» Бейсенова А., Карпеков К. Хрестоматиясы.



    Құрал-жабдықтар: Қазақстанның картасы, атлас 8 сынып, кескін карта,ТЗ суреттері мен кестелері.



    Есіңде болсын, алгоритм бойынша жұмыс жасау керек. Тексеру жұмысын өткізіп отыруды ұмытпа. Дәптердің шетіне ескертулерді белгіле, рейтингілік парақты толтыр. Қиындық туғызған сұрақтарыңды жауапсыз қалдырмауға тырыс. Тексеру кезінде мұқият бол, бұл саған деа, және тексерген кісіңе де көмектеседі.

    Сәттілік тілеймін!

    тапсырма №1

    • 35. параграфты оқы

    • ұғымға анықтама бер «топырақ»

    • Сызба құра «Топырақ қалыптастырушы факторлар»

    • Сұрақтарға жауап бер:

    А) Топырақ қара шірігі қалай қалыптасады?

    Б) Топырақтың механикалық құрылымы деген не?

    В)Құрылымы бар топырақтың құрылымы жоқ топырақтан қандай айырмашылығы бар.? тексеруден өт 1 барлығы 14 ұпай)

    тапсырма №2


    1. 36 параграфты оқы. Карта мен оқулықты пайдалана отырып, кестені толтыр.

    Топырақтың негізгі типтері

    Топырақ типтері

    Таралу аймағы

    Гумус құрамы

    Шаруашылықтағы маңызы











    1. кескін картаға Қазақстанның топырақ зонасын сал

    2. Сұрақтарға ауызша жауап бер:

    Эрозия деген не?

    Эрозияның қандай түрлері бар?

    Олардың алдын-алу жолдары қандай?

    Тексеруден өт № 2 (10 ұпай)

    Тапсырма № 3

    37 параг.оқып, сұрақтарға жауап бер



    1. Қазақстан өсімдіктерінің негізгі типін анықта .

    2. Өсімдік пен жануарлар әлемінің қалыптасуына климат қалай әсер етеді?

    3. Қазақстан аумағындағы жануарлардың таралуына өсімдік қабатының қандай маңызы бар?

    4. Таулы аймақтардағы жануарлар мен өсімдіктерге биіктік белдеуінің әсері?

    5. Қызыл кітапқа енген Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар түрлері

    6. Дәптеріңе Қазақстанның реликті өсімдігі мен эндемиктерді жазып ал.

    Тексеруден өт № 3 (10 ұпай)

    Тапсырма №4

    1. 38-39 оқып, кестені толтыр:

    • Кестені дәптеріңе сызып толтыр: Сарамандық жұмыс



    жоспар

    Орманды дала

    ұқсастықтары

    дала

    ГО










    Жер бедері










    Климат










    Ішкі суы










    топырағы










    өсімдігі










    Жануарлар дүниесі










    Шаруашылықта қолданылуы










    Проблемалар мен табиғатты қорғау ісі











    Тексеруден өт № 4 (10 ұпай)

    Тапсырма №5

    1. Сұрақтарға жауап:

    А) Қазақстанда қандай шөлдер бар?

    Б) Құмды шөлдерді жаз.

    В) Өсімдіктер шөлді далаға қалай бейімделген?

    Г) Шөл жануарларында қандай қорғану шаралары қалыптасқан?

    2.Кескін картаға Қазақстанның ТЗ шекараларын сызып,түрлі бояулармен боя.
    Тексеруден өт № 5 (10 ұпай)

    1. Бақылау жұмысын орында



    Тапсырма №6.

    1.Шөл, шөлейт зоналары бойынша ауызша сипаттама бер.

    2.Кескін картаға негізгі шөлді аймақтарды белгілеп, аттарын жазып көрсет.

    3.Картаны пайдаланып, Павлодар облысының топырағын, өсімдігі мен жануарлар дүниесін суретте

    4.Неліктен шөл зонасы Қазақстанның 44 % лып жатыр? (10 ұпай)

    тапсырма № 7 (шығармашылыққа таңдауы бойынша)


    • Қазақстанның ТЗ біреуіне бес жолдық өлең құрастыр.

    • «Туған өлкемнің табиғат бұрышы …» атты тақырыпқа реферат дайында

    • сенің көзқарасың бойынша мына сөйлемдердің қайсысы дұрыс айтылған,соны дәлелде:

    «Шөл- бұл қолайсыздық!»

    «Шөл –бұл керемет !»

    2. Бақылау жұмысын орында

    Бақылау жұмысы №1 (10 ұпай

    1.Топырақ деген не?

    2.Топырақ қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

    3. Топырақ қарашірігі қалай қалыптасады?

    4. Топырақтың механикалық құрылымы деген не?

    5. Құрылымы бар топырақтың құрылымы жоқ топырақтан қандай айырмашылығы бар?

    6.Эрозия деген не? Эрозияның қандай түрлері бар?

    7. Орманды даланың даладан қандай айырмашылығы бар



    1. Қазақстан шөлдерін ата.

    2. Табиғаттың қандай компоненттеріның ұқсастықтары бар? Неге?

    3. Екі зонаның айырмашылығының себебі неде?

    Бақылау жұмысы №2 /10ұпай/

    1.топырақ дегеніміз ….

    а) жер қыртысының құнарлы қабаты

    б) жер қыртысындағы табиғи қалыптасу

    г) географиялық қабықтың юір бөлігі

    д) жердің қатты қабаты



    1. Табиғат зонасын қалыптастыратын факторлар ?

    2. Табиғат зонасы деген не?

    3. ТЗ қалыптастыруда ылғалдану коэфициенті қандай рөл атқарады?

    4. ТЗ құрылымын логикалық тұрғыдан қарастырып, түсіндір және ретеп жаз:жер бедері, шаруашылық әрекеті,халқы, географиялық орны, климаты, топырағы, ішкі суы, өсімдік дүниесі, жануар дүниесі.

    5. ТЗ атап, картадан көрсет.

    6. Орманды дала мен дала зонасы неліктен терең зерттелген?



    Рейтингілік парақ



    ұпай

    Алған ұпай саны

    Кім тексерді

    Кімді тексерді

    баға

    №1

    5

    4

    5















    барлығы

    14













    №2

    4

    5

    2



    5













    барлығы

    16













    №3

    5

    5














    барлығы

    10













    №4

    5

    5














    барлығы

    10













    №5

    10













    барлығы

    10













    №6

    5

    5














    барлығы

    10













    Б/ж №1

    10













    7

    5













    Б/ж№.2

    15













    барлығы

    100














    Бағалау сараптамасы: "5"- 90-100 ұ. "4"- 71-89 ұ. "3"- 51-70 ұ.

    8 сынып. 2 сағат

    «Қазақстанды физикалық тұрғыдан аудандастыру .

    Қазақстанның жазықтары.»

    тақырыбының оқу парағы.

    Тақырыпты оқу нәтижесінде :

    Білуі тиіс: Біліктілігі болуы тиіс:

    1. Физикалық-географиялық аймақтардың географиялық орнын, ерекшеліктерін, маңыздылығын;

    2.табиғат кешендерінің пайдалануын.

    3.негізгі қорғалатын аймақтарды білу;


    1. Қазақстанның физикалық аудандарын картадан көрсету;

    2. Жоспар бойынша сипаттау;

    3. Аудандарды өзара салыстыру;



    Негізгі ұғымдар:

    - Физикалық - географиялық аймақ

    - Аудандастыру принципі

    - Физика – географиялық аудандастыру

    - Табиғат ресурстары

    - Негізгі қорғалатын аймақтар

    - Экологиялық проблемалар;

    Әдебиеттер:

    1. А. Бейсенова К. Карпеков Қазақстанның физикалық географиясы. оқулық 8 сынып

    Хрестоматия географиясы

    Құрал-жабдықтар:

    1. Атлас 8 сынып Кескін карта.



    тапсырма №1.

    1. «физика – географиялық аймақ» деген ұғымға анықтама бер.

    -ауызша түсіндір, физика – географиялық аймақ деген ұғым мен табиғи аумақтық кешен деген ұғым синоним бола ала ма?

    2. «жазық» сөзіне кластер құра..



    Тексерістен өт №1

    тапсырма №2.

    1. Кескін картаға Қазақстанның жазықтарын белгіле.

    2. Әр жазықтың ГО ерекшеліктеріне ауызша сипаттама бер..

    3. тектоникалық карта бойынша жазықтардың геологиялық құрылысын салыстыр, салыстыру нәтижесінде шығарған қорытындыңды дәптеріңе жазып ал.

    4 § 41, 42, 43, параграфтардағы 2 бөлігін оқы.Әр жазықтың жер бедері геологиялық құрылыстың әсеріне байланысты екендігіне көз жеткізіп, қорытындыны дәптеріңе жаз. Тексерістен өт №2

    Тапсырма №3.

    1. Кескін картаға жазықтардың жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін түсір..

    2. § 41, 42, 43 бойынша әр жазыұтың жер бедерін оқы да, кестені толтыр.

    жазықтар

    Жер бедерінің формасы.

    Құрылымының негізгі ерекшеліктері.

    Пайдалы қазбалары.





































    Жазықтардың жер бедеріндегі айырмашылықтардың себебін анықтап,қорытынды жаса.

    3. Жазықтардың климатын, ішкі суын, өсімдігі мен жануарын оқы.

    - Жүйелі кесте құра.:


    Физикалық аудандар

    климат

    Ішкі суы

    Табиғат зонасы.

    топырағы

    өсімдігі мен жануарлар дүниесі.



















    Тексерістен өт. №3
    Бақылау жұмысын орында. №1
    Тапсырма №4

    1. §41, 42, 43 жазықтардың экологиялық проблемаларын тауып, жазып ал

    2.Экологиялық проблемалардың шығу себептерін ауызша әңгімеле.

    3.Оқулықпен, хрестоматиямен, қосымша материалдармен жұмыс жасай отырып, жазықтардағы ерекше қорғалатын аймақтарды тауып ал.

    4. таңдауың бойынша бір тапсырманы орында:

    1) әр жазық бойынша өз ойыңнан шағын әңгіме құра..

    2) Бір жазық бойынша саяхаттың маршрутын құра және оны әңгімеле.

    3) Курортық зона құру жайлы өз көзқарасыңды айтып, басшыларға хат жібер



    Текесрістен өт №4

    Жарайсың!

    2 бақылау жұмысына көшуіңе болады. Сен міндетті түрде жеңіске жетесің!


    Бақылау жұмысы №1

    Жазықтарды ерекшеліктермен сәйкестендір:
    А.Шығыс –Еуропа жазығы

    Б. Тұран жазығы.

    В. Солтүстік Қазақстан жазығы.

    Қандай жазық:

    1. Еліміздің батысында орналасқан

    2. Еліміздің солтүстігін алып жатыр

    3. Каспий теңізінен алакөл көліне дейін созылып жатыр.

    4. Ежелгі кембрийге дейінгі платформада жатыр.

    5. Батыс Сібір платформасында жатыр

    6. Орал өзені алабы.

    7. Солтүстік мұзды мұхит алабы болады..

    8. Тұран тақтасында жатыр.

    Қандай жазықта:

    1. Жер бедері желдің әсерінен құралған

    2. Ертіс өзені ағып өтеді

    3 Бетпак- Дала орналасқан

    4 қаңтардың орташа температурасы -19˚, а ал шілденікі +19˚

    5. шөлдермен ерекшелінеді

    6. Каспий маңы ойпаты орналасқан

    7. еліміздің басты мұнай алабтары орналасқан

    8. Павлодар облысы жарты аумағын алып жатыр

    9. орманды дылы мен дала зонасын қамтиды.

    10. Іле өзені ағып жатыр

    11.«Әнші бархандар» атты табиғи ескерткіш бар.



    Бақылау жұмыс № 2
    1.Суреттеу бойынша жазықты тап: 1 б.

    Республикамыздың солтүстігінде орналасқан. Климаты континентальді. Қысы суық, қары аз түседі, жауын-шашын 350-400 мм.

    2. Тұран жазығына кіретін ,жер бедерінің ірі формаларын ата. 4 б.

    3.сәйкестендір: 5 б.

    Солтүстік қазақ жазығы Сырдария Бетпақдала

    Тұран жазығы Жайық Тобыл-обаған

    Шығыс Еуропа жазығы Ертіс Орал- ембі

    4. Еліміздің жазықтарының климатын қалыптастыратын факторларды жазып бер. 5 б

    5. Аралдың экологиялық проблемасы неде?

    Себептерін анықта

    Проблемаға өз шешіміңді қос. 12 б.
    Рейтингілік парақ



    ұпай

    Алынған ұпай

    Кімді тексердің?

    Кім тексерді?

    баға

    №1

    1

    2



    3

    3

    6



    3













    қорытынды

    12













    №2

    1

    2



    3

    4

    3

    6

    7



    3













    қорытынды

    19













    №3

    1

    2



    3

    8

    10



    10













    қорытынды

    28













    1 б/ж

    10













    №4

    1

    2



    3

    4

    5

    5

    5



    5













    қорытынды

    20













    2 б/ж

    10













    қорытынды

    100














    Бағалау сараптамасы:

    "5"- 110-115 "4"-114-100 "3"- 99-80

    8сынып 3сағат
    «Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану»

    тақырыбының оқу парағы

    тақырыпты меңгерудегі оқуға қойылатын талаптар:

    Білуі тиіс: Біліктілігі болуы тиіс:

    1.табиғат ресурстарының түрлері

    2. Табиғат қорларын тиімді пайдаланудың проблемалары.

    3.ҚР экологиялық аудандарға жіктеу

    4. экологиялық проблемалар

    5. қорғалатын аймақтар

    6. табиғатты қолдану мен қорғау жөніндегі заңдар

    7. ҚР әлемдік деңгейдегі табиғи орындар.


    1. Карта және статистикалық мәлімет бойынша ТР және қолдану жолдарын анықтау.

    2. Пробемалардың туындау себептері.

    3. экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсыну;

    4.өз өлкеміздің экологиялық жағдайын қарастыру;




    Негізгі ұғымдар:

    - Адам экологиясы

    - қорықтар

    - ұлттық парк

    - табиғи ескерткіштер

    -табиғат ресурстары

    - экологиялық болжам

    - табиғатты қорғау

    - табиғатты тиімді қолдану

    Әдебиттер:

    А.Бейсенова, К.Қарпеков Қазақстанның физикалық географиясы Хрестоматия



    құрал- жабдықтар : Казақстан картасы, атлас , кескін карта

    тапсырма №1

    1.49 параграфты оқы.

    «табиғат ресурсына» анықтама бер(2 ұпай)

    3.сызбаны құрастыр «Қазақстанның табиғат ресурсы» (5 ұпай)

    4. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану деген не? (3 ұпай)

    тексерістен өт №1 (барлығы 10 ұпай)

    тапсырма №2

    1. 50 параграфты оқып, мына сұрақтарға жауап бер:

    А) Тіршілік ететін ортасы адам денсаулығына қалай әсер етеді?

    Б) Өндірісіті қалалардың жағдайы адам денсаулығына қалай әсер етеді?

    В)Республика аумағын адам тіршілігі үшін қандай қолайлы қандай аудандарға бөлуге болады?

    Г)Павлодар облысының аумағы қандай ауданға жатады? (8 ұпай)

    2. 51параграфты оқып, Қазақстанның экологиялық проблемаларына жоспар бойынша сипаттама бер: 12 ұпай

    Экологиялық проблема

    Проблемалардың шығу себептері


    Проблемалардың кесірі қандай

    Оларды шешу жолдары

























    3. Кескін картаға экологиялық апатты аймақтарды сал. (5 ұпай)

    4. 52 параграфты оқып, кестені толтыр.: 5 ұпай



    тексерістен өт № 2 (30ұпай)
    тапсырма № 3

    1. §53оқы

    2.негізгі ұғымларды жазып, анықтамасын бер.

    қорық


    қорықша

    ұлттық саябақ

    табиғат ескерткіштері

    мына сөздерді жаттап, ауызша айтып бер. (5 ұпай)

    2. §54 оқы кестені толтыр (10 ұпай)



    Қорықтардың атауы


    Ашылған жылы


    Қай жерде орналасқан?


    Аумағы қанша?


    Бағалы жануарлар


    Бағалы өсімдіктер



















    3. 55 параграфты оқы. Мәтіннің мазмұнын кластер түрінде, жоспар түрінде, кесте түрінде көрсет. / таңдауың бойынша / (10 ұпай)

    2. кескін картаға барлық қорықтар мени ұлттық саябақтарды түсір.(5 ұпай)



    тексерістен өт № 3 (30 ұпай)

    тапсырма № 4

    1. § 56 оқы. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдарын біліп ал.

    Кестені толтыр ( 10 ұпай)

    заң

    Шығарған жылы

    Қысқаша мазмұны










    2. тапсырманы орында: (5 ұпай)

    А) негізгі ұғымға анықтама бер «табиғатты пайдалану».

    Б) табиғат қорларын тиімді пайдалану деген не?

    В)табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың бағыттарынатап бер.



    Тексерістен өт № 4 (15 ұпай)

    1 бақылау жұмысын орында / мұғалімнен ал /



    тапсырма № 5

    Таңдауың бойынша бір немесе бірнеше тапсырманы орында (әрқайсысы 10 ұпайдан саналады):

    1. Қоршаған орта адам денсаулығына әсер ететіндігі бәрімізге белгілі.Ендеше адам денсаулығын сақтау үшін мемлекет не істеу керек және сен – адам не істеу керек?

    Жауабыңды кестеге түсір



    Мемелекет қолданатын шаралар

    Адам қолданатын шаралар







    2. қаламыздың экологиясының бұзылуы жайлы газетке мақала жазып көр.

    3.Өз өлкеңнің табиғатын қорғау үшін өткізілетін шаралардың жоспарын жаса.

    4. Павлодар облысының ерекше қорғалатын аймағы жайында реферат дайында.

    Тексерістен өт № 5 (10 және одан да көп ұпай )

    2 бақылау жұмысын орында / мұғалімнен ал /


    Бақылау жұмысы №1

    1адам ә-іс-әрекетінде қолданылатын қоршаған ортаның маңызды компоненті.

    А) пайдалы қазбалар

    В) топырақ

    С)су ресурсы

    D)табиғат ресурсы

    Е) қоршаған орта

    2.көмірдің ең бай кен орны

    А) Майкөбе, Қарағанды.

    В) Қарағанды , Екібастұз

    С) Екібастұз, Майкөбе

    D) Кедірлі, Майкөбе

    Е) Алакөл, Қарағанды.

    3. Негізгі темір кені ауданы болып табылатын облыс.

    А) Қостанай

    В) Павлодар

    С) Ақмола

    D) Манғыстау

    Е) Карағанды

    4.Қазақстанның қоры мол аймағы

    А) солтүстік

    В) Батыс


    С)шығыс

    D) орталық

    Е) оңтүстік

    5. БҰҰ Хельсинки конфенциясында Трансшекаралық өзендер мен көлдерді қорғау мен тиімді пайдалану ережелері қашан қабылданды?

    А) 1993 жылы В) 1992 С) 1995 D) 2000 Е) 1980

    6. Біздің елімізде дәрілк өсімдіктердің неше түрі бар:

    А) 250 В) 280 С) 350 D) 400 Е) 500

    7. 1962 жылы құрылған Халықаралық табиғат және табиғи байлықты қорғау одағы немен айналысты

    А) Қызыл кітабқа ақпараттар жинақтады

    В) жануарларды есепке алды

    С) өсімдік дүниесін есепке алды

    D) Қызыл кітапты шығарды

    Е) жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға алды

    8. Адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыстың заңдылықтарын зерттейтін ғылым :

    А) этнография

    В) философия

    С) экология

    D)Адам экологиясы

    Е) демография

    9. Ең апатты экологиялық қала :

    А)Карағанды В)Павлодар С) Өскемен D) Қостанай Е) АҚтау

    10. ҚР Президентінің «ҚР 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» жарлығы қашан қабылданды?

    А) 1991 В) 1995 С) 2003 В) 2004 Е) 1993
    Бақылау жұмысы №2


    1. Қазақстанның табиғи қорларын қандай топтарға ажыратамыз?

    2. Қазақстанда қашан және қай жерде ядролық сынақ өткізілді?

    3. Каспий маңында мұнай өндіруден қандай экологиялық мәселелер туындады?

    4. Табиғаттағы апатты құбылыстарды қалай бөлуге болады?

    5. Табиғатты қорғауға арналған кешендер атты сызба құрастыр. Бір қорыққа сипаттама бер.

    6. Қазақстандағы табиғат есркерткіштерін ата.

    7. Неліктен табиғатты қорғау мәселесі Қазақстан Конституциясында көрініс тапқан.


    Рейтингілік парақ

    тапсырма

    ұпай

    Алған ұпайы

    Кім тексерді

    Кімді тексерді

    баға

    №1

    2

    5

    3















    Қорытынды

    10













    №2

    8

    12

    5



    5













    Қорытынды

    30













    №3

    5

    10

    10



    5













    Қортыныды

    30













    №4

    10

    5














    Қорытынды

    15













    Б/ж №1

    10













    5

    10













    Б/ж №2

    10













    Қорытынды

    115













    Тақырыбы: Қазақстан аумағын физикалық аудандастыру

    Сағат саны : 7. 8 сынып Модулдік технология



    Модулдің мазмұны

    сабақтар


    Сабақтың мазмұны мен формалары

    уақыты

    ескерту


    1

    Кіріспе сабағы

    1 – сабақ лекция

    Шығыс Еуропа. Тұран жазығы. Солтүстік жазығы. Сарыарқа. Алтай. Орал. Тянь-Щань.Жетісу Алатауы. Сауыр Тарбағатай.

    30 минут

    Параграфтар

    40-48


    2


    Диолог сабағы /оқушы мен мұғалім/



    2 сабақ


    Өткен сабақты қорытындылау арқылы жаңа сабаққа кірісу «Қазақстан жер бедері» Сұрақ-жауап


    15минут+

    45 минут


    Параграф 40-42

    3 сабақ


    «Қазақстан аумағын физикалық тұрғыдан аудандастыру»

    әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар негізінде жаңа тақырыпты меңгерту



    «қарлы кесек» ойыны жекелей-топпен жұмыс.

    45 минут

    Параграф 43-44

    45-48


    4 сабақ

    Сарамандық жұмыстар

    №1, №2,№3



    45 минут

    Бөлім бойынша

    5 сабақ


    оқыту ойындары «Бақытты сәт»

    45 минут

    Бөлім бойынша

    6 сабақ


    Рөлдік ойын

    Аквариум техникасы

    45 минут

    Бөлім бойынша

    3


    Қорытынды сабақ

    7 сабақ сынақ

    Сарамандық жұмыстың тапсырмаларын қосып, тест өткізу


    45 минут


    Бөлім бойынша


    Сабақтың мақсаты:

    - Оқушыларға Қазақстанды физикалық тұрғыдан аудандастырудың жолдарын, маңызын, ерекшеліктерін меңгерту;

    - атласпен жұмыс жасаудағы білім біліктілігін арттыру, аудандарды салыстыра отырып сараптама жасауға баулу ;


    • туған елінің жер бедеріне деген сүйіспеншілігін арттыру .


    Сабақтың міндеті:

    • оқушыларға өздігінен жұмыс жасаудың ретін ұйымдастыру;

    • өздігінен жұмыс жасау барысында ойлау қабілетін дамыту;

    • жекелей және топпен жұмыс жасауда өзара сыйластыққа баулу;


    Сабақта қолданылатын технология түрі: Модулдік оқыту.

    Құрал-жабдықтар: кескін карт, физикалық карта, суреттер.


    Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар:

    Білімі болуы тиіс:


    • аудандарды жоспар бойынша салыстырмалы сипаттау;

    • аймақтардың маңызын,аудандастыру жолдарын;

    • географиялық орнын, табиғатын сипаттай және түсіндіре алуы тиіс:



    Біліктілігі болуы тиіс:


    • Қазақстанның физикалық аудандардың географиялық орнын;

    • ерекшеліктерін атауы және көрсете алуы тиіс:


    1- 2 сабақ

    Тақырыбы: Қазақстан аумағын физикалық – географиялық



    аудандастыру

    Сабақтың барысы:



    • Ұйымдастыру кезеңі

    • Модулдің мазмұнымен және құрылымымен танысу

    • Мақсат пен міндетті анықтау

    • Лекция (тақырыптың мазмұнын тірек белгілер арқылы қысқаша баяндау)


    тірек белгілер



    Биік таулар

    Аласа таулар

    жазықтар


    Шығыс Еуропа
    Тұран
    Солтүстік қазақ


    Сарыарқа
    Мұғалжар

    Алтай

    Сауыр-Тарбағатай

    Жоңғар Алатауы

    Тянь-Щань






    - географиялық орны

    - жер бедері

    - табиғат жағдайы

    - ішкі сулары

    - табиғат зонасы

    - өсімдік,жануары

    - экологиялық жағдайы


    Бір бірін тексеру парағы:

    Тақырыпты қысқаша айтып өткеннен кейін оқушыларға тексеру парағы таратылады Бірінші этапта оқушылар сұрақтарын қарастырып шығады 10 минут, екінші этапта бір-біріне айтады




    Тексеру парағы

    - Қазақстанның жер бедерінің қандай ерекшеліктері бар?



    • Қазақстанның неше пайызын таулар алып жатыр?

    • Қазақстанды физикалық тұрғыдан қалай топтастыруға болады?

    • Қазақстандағы жазықтар несімен ерекшеленеді?

    • Аласа таулар мен биік таулардың айырмашылығы неде?

    • Қазақстанның жер бедерін қандай жоспар арқылы сипаттаймыз?


    Үйге тапсырма:

    Тірек белгіні пайдаланып, тақырыптың мазмұнына сараптама жасау.


    Рефлексия:

    - жаңа сабақтың маңыздылығы неде?

    - тірек белгімен жұмыс жасауда қиыншылық туды ма ?

    - келесі сабақтарда нені білгің келеді?



    3 - сабақ

    тақырыбы: Қазақстанды физикалық аудандастыру.

    Құрал -жабдықтар: Бағыттаушы парақтары /оқушылардың санына қарай/

    нөмер белгіленген жетондар

    стол үстіндегі көрсеткіштер

    жалпы бағалау парағы

    Сабақтың барысы:


    1. Ұйымдастыру барысы

    2. оқушылар әрекеті. Ойын арқылы баланың танымдық

    қабілетін арттыру бойынша жекелей және топпен жұмыс

    3. Рефлексия.



    Оқыту ойыны «Қарлы кесек» Оқушылардың жекелей және топпен жұмыс жасауы.

    Сынып 5 топқа бөлінеді “А”, ”Б”, ”В”, ”Г”, ”Д”.парталардың орналасу сызбасы:

    әр партаға бағыттаушы парақтары тапсырмалармен беріледі



    «А» тобына тапсырма

    1.параграф 40-41 оқу

    2.тірек жоспарын құру

    3.Қазақстанның жазықтарын анықтау,Солтүстік қазақ жазығының жер бедерін сипаттау.






    «Б» тобына тапсырма

    1.параграф 42-43 оқы

    2. тірек жоспарын құру

    3. Шығыс Еуропа жазығы мен Тұран жазығының жер бедерін сипаттау.




    «В» тобына тапсырма

    1.параграф 44оқы

    2 тірек жоспарын құру

    3.аласа тауларды анықтау, Сарыарқа мен Мұғалжар тауының ГО сипаттау






    «Г» тобына тапсырма

    1. параграф 45-46 оқы

    2.тірек жоспарын құру

    3.Биік таулы аймақты анықтау, Алтай мен Сауыр-Тарбағатай тауларының ГО сипаттау





    «Д» тобына тапсырма

    1.параграф 47-48 оқы

    2.тірек жоспарын құру

    3.Биік таулы аймақты анықтау, Тянь –Щань мен Жоңғар Алатауының ГО сипаттау.




    I, II, III, IV, V турды өткізу барысында оқушылар бағыттаушы паақтары бойынша орындарын ауыстыра отырып, оқыған материалдарын келесі топтарға айтады . Бағыттаушы парақтарына ең үздік айтқан оқушыны белгілеп отырады. Сабақ соңында ең үздік ойыншы мен топты анықтай отырып, бағалау парағын толтырады.



    Бағалау парақтарын толтыру

    Бағалау парағы




    Оқушылардың аты-жөні

    1

    2

    3

    4

    5

    1



















    2



















    3



















    4



















    5



















    6


















    Рефлексия.

    1.Тақырыпты меңгеру барысында қай жерде қиындықтар туындады?

    2.Үздік талған топпен пен оқушының жетістігін айтып бер?


    Үйге тапсырма: Өздерің таңдаған ауданға слайд жасап келу.

    4 сабақ

    Тақырыбы: Қазақстанды физикалық тұрғыдан аудандастыру тақырыбына сарамандық жұмыстар орындау.
    Мақсаты: Алған теориялық білімдерін іс – жүзінде қолдану арқылы біліктілігін қалыптастыру.
    Құрал-жабдықтар: кестелер, карталар, атластар, кескін карталар, сызғыш, циркуль.
    Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

    Сарамандық жұмыс №1.
    Жазақтарға сипаттама беру.

    Мақсаты: Қазақстанның физакалық аудандарындағы жазақтарға сипаттама беру. /таңдауы бойынша/. Ауданның жер бедері мен табиғат жағдайын, табиғат зонасын салыстыра отырып, арасындағы байланысты анықтау.

    Жұмыстың барысы:



    • Оқулықты, табиғат зонасы картасын, физикалық картаны пайдалана отырып, мына сызбаны толтыр.





    • сызбаға сараптама жасап, арасындағы байланысты сызықтар арқылы көрсет.


    Табиғат компоненттері, зоналары және физикалық аудандардың арасындағы байланысқа қорытынды жаса.
    Сарамандық жұмыс №2

    Таулы аймақтың өсімдік жамылғысы.

    Мақсаты: Карта бойынша таулы аймақтардың өсімдік жамылғысын анықтау.

    Жұмыс барысы:

    • Өсмдіктер картасын пайдаланып, таулы аймақтардағы өсімдіктерге сипаттама бер.




    • Олар қандай өсмідіктер дүниесіне жататындығын анықта.




    • Таулардың биіктік белдеулерін суретке түсіріп, әрқайсысына түсінік бер.

    Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің айырмашылығын анықта.


    Сарамандық жұмыс № 3
    Мақсаты: Кескін картамен жұмыс.

    Жұмыс барысы:

    • Кескін картаға Қазақстанның табиғат аудандарын түсіру.




    • Қазақстанның табиғат аудандарының /жазықтары, таулары/ профилін сызу.




    • Кескін картаға өз таңдауың бойынша бір таудың жоталарының орналасу бағытын және биіктік белдеуін түсір


    5 сабақ

    тақырыбы: Қазақстанды физикалық аудандастыру.

    Құрал -жабдықтар: кестелер, нөмер белгіленген жетондар , стол үстіндегі көрсеткіштер, жалпы бағалау парағы

    Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру барысы

    2. Мақсат міндетті анықтау

    3.Оқушылар әрекеті

    Оқыту ойыны «Бақытты сәт»

    Ойынның жүру барысы:

    Сынып екі топқа бөлінеді,әр топтың өз капитаны болады.

    1ойын. «Бой сергіту» Топтарға 7 сұрақтан беріледі, талдауға 3 минут беріледі. Топтың бір өкілі жауап береді, бәсекелес топ дұрыстығын тексереді.

    2 ойын. «Сен маған, мен саған» топтар бір-біріне сұрақ қояды.

    3 ойын. «Көсемдікке ұмтылу» сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді.
    Ойынға арналған сұрақтар тізбегі:

    1. Қазақстан аумағын қандай ерекшеліктеріне қарай ірі табиғат аймақтарына бөледі?

    2. Каспий маңы ойпатының жер бедері неліктен тегіс болып келеді?

    3. Картадан Тұран жазығына кіретін аймақтарды тауып жаз.

    4. Солтүстік қазақ жазығы қандай аудандарға бөлінеді?

    5. Шығыс Еуропа жазығының табиғаты адам тіршілігі мен шаруашылығы үшін қандай қолайсыз жағдайлар туғызады?

    6. Тұран жазығы климатының негізгі ерекшеліктері қандай, ол табиғаттың басқа компоненттеріне қалай әсер етеді?

    7. Физикалық картаны пайдалана отырып, Сарыарқаның жер бедері мен геологиялық құрылысына сипаттама беріңдер.

    8. Сарыарқаның басты өзендері ,ол қай алапқа жатады?

    9. Мұғалжар аймағы қандай пайдалы қазбаларға бай, оның себебін анықта?

    10. Тектоникалық картаны пайдаланып, Сарыарқа қандай пайдалы қазбаларға бай екендігін , оның геологиялық құрылымындағы байланысты анықта.

    11. Оралдың қазақстандық бөлігінің климаты шұғыл континентті болуын және оның ішкі суларына қалай әсер ететінін түсіндір.

    12. Алтай жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай қандай аудандарға бөлінеді?

    13. Алтайдың биіктік белдеулерін көрсететін сызба бойынша белдеулердің орналасу себептерін жазыңдар

    14. Алтайдың батыс және шығыс беткейлерінде неліктен климатында айырмашылық бар.

    15. Өзендердің суының көктемде ,жазда толысу себебін түсіндір.Ертіс өзенінің оң жағына қарағанда сол жағындағы салалары неге аз?

    16. Жоңғар Алатауының тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысына тоқтал.

    17. Жоңғар Алатауы аймағында қандай желдер қалыптасады, оның себептері?

    18. Сауыр – Тарбағатай тау жоталарының жер бедерінің ерекшеліктері қандай?

    19. Сауыр – Тарбағатайдың ең биік шыңдары мен олардың абсолюттік биіктігін жаз

    20. Солтүстік және батыс Тянь-Шаньның биіктік белдеу типтеріндегі айырмашылықтарды

    анықтап жаз.

    21. Қазақстандық Тянь – Шань таулар жүйесіндегі ерекше қорғалатын табиғи аймақтар :

    22. Табиғат ресурстарын қандай топтарға жіктейміз?

    23. Қазақстанда табиғатты қорғау мәселелерінің ішіндегі бастысына талдау жаса.

    24.Қазақстан аумағында қандай мақсатқа сай қорықтар ұйымдастырылды,кескін картаға түсір


    Сұрақтарға көп жауап берген топ жеңеді.

    Сұрақтар бойынша қорытынды жасалып, үйге тапсырма беріледі.



    6- сабақ
    Рөлдік ойын “Аквариум техникасы”

    Дөңгелек стол формасында өткізіледі
    Құрал-жабдықтар:

    Рөлдер мен парталар нұсқаулары



    Сабақтың барысы:

    Сынып топқа бөлінеді, өз орындарына орналасады. әр топ өздерінің ой-пікірлерін жеткізетін жүргізушісін таңдайды / делегат/

    Мұғалім әр топта талқыланатын проблемалық жағдайды ұсынады .Әр топ өз көзқарастарын жетік шығарған кезде делегаттары ортадағы партаға жиналады.Олар өз топтарының пікірін айтып оны дәлелдейді.

    Топтар рөлдерге бөлінеді: 1- реалистер, 2 – пессимистер, 3 – оптимистер және 4 – сараптаушылар. Мына проблеманы топта талдау:



    - Қазақстанды физикалық тұрғыдан аудандастырудағы басты мақсат неде және сенің ойыңша дұрыс бөлінген бе? Әр топ өз көзқарасын білдіреді.


    өкіл



    өкіл

    өкіл


    өкіл


    Қорытынды :

    Сонымен біз сендермен «Қазақстанды физикалық-географиялық аудандастыру » блогымен таныстық. Берілген тірек белгілер арқылы модулді қорытындылау.



    Рефлексия:

    • Түрлі ойындармен сабақты меңгеруде қиындық туғызған жерлер бар ма?

    • Топтармен жұмыс жасаған уақытта түсінбей қалған тақырыптарың бар ма?


    Үйге тапсырма : Тақырып бойынша бақылауға дайындалу

    7 сабақ
    Тақырыбы: Қазақстанның физикалық аудандастыру тақырыбына бақылау жұмысы.

    Мақсаты: Алған білімдерін текесеріп, нәтижесін анықтау.

    1нұсқа

    1.Батыс Сібір мен Тұран ойпатын жалғастырып жатқан қақпа

    А) ЖоңғарВ) ТорғайС) ҮстіртД) ОралЕ) Жем

    2.Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауы аралығындағы үстірт

    А) Бетпақдала

    В) Сарыарқа

    С) Торғай

    Д) Орал алды

    Е) Қызылқұм

    3.Балқаш көлінің батысындағы үстірт

    А) Бетпақдала В) Орал алды С) Торғай Д) Үстірт Е) Жем

    4.Қазақстанның аласа таулы өлкелері

    А) Сарыарқа, Алтай, Сауыр

    В) Мұғалжар, Маңғыстау, Торғай

    С) Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау

    Д) Қазақтың ұсақ шоқысы, жалпы сырт

    Е) Шығыс Еуропа жазығы

    5.Қазақстан жерінің ежелгі мүжілген аласа таулы өлкесі

    А) Қазақтың ұсақ шоқысы

    В) Шығыс Еуропа

    С) Батыс Сібір

    Д) Маңғыстау

    Е) Құланды

    6.Үлкен Боқтыбай қай таудың ең биік нүктесі

    А) Маңғыстау

    В) Мұғалжар

    С) Сарыарқа

    Д) Көкшетау

    Е) Ұлытау

    7.Маңғыстау тауының жоалары

    А) Ұлытау, Қарқаралы

    В) Шыңғыстау ақсораң

    С) Қаратау, Шотқакөл

    Д) Ақтау, Қаратау

    Е) Көкшетау, Жыланды

    8.Сарыарқаның шығыс жағының батыс жағынан биік болып келу себебі

    А) Каледонда түзілгенВ) Герции де түзілгенС) Қайта жаңғырған

    Д) МүжілгенЕ) Альпіде түзілген

    9.Қазақстанның биік таулары

    А) Алтай, Жоңғар Алатауы, Жем

    В) Маңғыстау, Тянь-Шань, Алтай

    С) Алтай, Сауы, Тарбағатай, Жалпы Сырт

    Д) Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай, Сауыр-Тарбағатай

    Е) Сарыарқа, Мұғалжар, Көкшетау

    10.Сарыарқа мен Тянь-Шаньның бір кезеңде қалыптасқанына қарамастан Тянь-Шань биік болу себебі

    А) ТегістелгенВ) Қатты мүжілгенС) Қайта жаңғырғанД) Сыртқа күштердің әсерінен

    Е) Ішкі күштердің әсерінен

    1.Ең терең құрғақ ойысты атаңыз :

    2.Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан таулар:

    3.Қаратау жотасы мен Шу өзені аңғары аралығында қай массив орналасқан:

    4.Қазақстанның қай бөлігі сейсмикалық белдеуге жатады.

    5.Қазақтың ұсақ шоқысының ең биік нүктесі қалай аталады:

    6.Іле Алатауының ең биік шыңы:

    2 нұсқа

    1.Қазақстан жер бетінің қай бөлігінде биік таулы аймақ

    А) Шығыс және Оңтүстік Шығыс

    В) Солтүстік және Батыс

    С) Оңтүстік Шығыс және Орталық

    Д) Солтүстік және Оңтүстік

    Е) Шығыс және Батыс

    2.Қай тау арқылы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасы өтеді

    А) Жоңғар Алатауы

    В) Тарбағатай

    С) Алтай

    Д) Мұғалжар

    Е) Тянь-Шань

    3.Бесбақан тауы қай таудың ең биік нүктесі

    А) Тарбағатай

    В) Алтай


    С) Сауыр

    Д) Жоңғар Алатауы

    Е) Қаратау

    4.Каспий теңізінен шығысқа қарай не созылып жатыр

    А) Шығыс Еуропа жазығы

    В) Батыс Сібір жазығы

    С) Торғай жазығы

    Д) Солтүстік Қазақ жазығы

    Е) Тұран ойпаты

    5.Тұран ойпаты Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан

    А) Солтұстік және Шығыс

    В) Орталық және Батыс

    С) Батыс және Солтүстік

    Д) Оңтүстік Батыс және Оңтүстік

    Е) Солтүстік және орталық

    6.Тұран ойпаты қандай шөгінділерден құралған

    А) Вулкандық

    В) Көл, теңіз, өзеннің шөгінді жыныстарынан

    С) Магмалық

    Д) Мореналық

    Е) интрузивтік

    8.Қазақстан жеріне Алтай тауларының қай бөлігі енеді

    А) Солтүстік

    В) Оңтүстік

    С) Оңтүстік батыс

    Д) Шығыс


    Е) Оңтүстік шығыс

    9.Алтай тауларының ең биік шыңы

    А) Мұзтау

    В) Тастау

    С) Бебақан

    Д) Ақшоқы

    Е) Ақсораң

    10.Тарбағатай тауларының ең биік нүктесі

    А) Ақсораң В) Тастау

    С) Мұзтау Д) Қаратау Е) Бесбақан


    1.Жоңғар Алатауында мұздықтар қандай биіктіктен басталады:

    2.Қазақстан Алтайында мұздықтар қандай биіктіктен басталады:

    3.Солтүстік Тянь-Шань тауларында мұздықтар қандай биіктіктен басталады.

    4.Үстірт Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан:

    5.Қазақстан тауларының орташа биіктігі:

    6.Тауқұм құмды шөлі қай жазықта орналасқан:



    Қолданылған әдебиеттер:

    1. Бейсенова А., Карпеков А. Қазақстанның физикалық географиясы. А., Атамұра 2004

    2. Бейсенова Ә.С. - Алматы. «Глобус» 2003 ж.

    1. Қазақстанның географиялық атласы. 2005ж.

    2. В.Усиков., Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік географиясы. А., Атамұра 2004

    3. Қазақстан . Ұлттық энциклопедиясы.1-8 т А., 1998-2007

    4. География және геодезия Алматы «Мектеп» 2007

    5. Құрманов Қ Физикалық география терминдері мен ұғымдарының орысша қазақша анықтамалық сөздігі. А., 1993

    6. Бірмағанбетов Ә., Мамырова К. Географиялық сөздік А., 1992

    7. Бейсенова А.С., Каймулдинова К.Д. Қазақстанның физикалық географиясы хрестоматия. А., Атамұра 2004


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет