«Чепец» тәрізді байламды салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші-бастың маңдай , шүйде бөлігі жарақаттанған кезде
Құжаттар
Іс-әрекетінің алгоритмі
-
Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру
-
Бинттен ұзындығы 80 см байлам кесіп алу
-
Бинттің бөлігін бастың төбе аймағына орналастыру, бинттің шеттерін пациенттің немесе көмекшінің қолына ұстату
-
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын- оң жақ қолға
-
Маңдай, шүйде сүйектен бекітетін тур өткізу
-
Байламдардың жанына жеткенде, бинтті айналдыра байламдардан өткізіп, шүйде сүйекке апару, сол жақ байламға дейін
-
Бинтті байламнан өткізіп, маңдай сүйектен, бекітетін турдан кішкене жоғары өткізу
-
Бастың шашты бөлігін айналдыра отырып толығымен жабу
-
Байламды 2 бекітетін турлармен бітіру, байламның 1 жақ шетінде бинтті байлау
-
Пациент ұстап отырған бинттің шетін иек астынан байлау
«Жүген»тәрізді байламды салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші- беттің, иектің, бастың маңдай бөлігінің жарақаты
Құжаттар
Іс-әрекетінің алгоритмі
-
Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру
-
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын- оң жақ қолға
-
Бастың маңдай, шүйде бөлігіне бекітетін, циркулярлы тур өткізу
-
Шүйде сүйектен иекке қарай жалғастыру, әрі қарай шүйде аймаққа барып баста бекіту
-
Бинтті шүйде сүйекке түсіріп, әрі қарай иекке, бет жаққа бастың маңдай бөлігіне өткізу, әрі қарай шүйде сүйектен бас жаққа бекітетін тур мен бітіру
-
Бинттің турларын қайталап отырып, иекке бет жаққа қарай апару
-
Бас жақта бекітетін турлармен байламды бітіру
-
Бинттің шетін бастың маңдай жағында байлап бітіру
Достарыңызбен бөлісу: |