Титульный лист Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі


Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясатының Өзекті мӘселелері



бет7/8
Дата02.07.2018
өлшемі0,71 Mb.
#46023
1   2   3   4   5   6   7   8

3 Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясатының Өзекті мӘселелері

3.1 Мемлекеттік шекара мәселелері және оны шешу жолдары


Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саяси міндеті қойылған болатын. Бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын қамтамасыз етудің кепілі ретінде түсінідіріледі [23].

КСРО-ның тарауы бұрынғы одақтас республикалардың аумақтық мәселені шешуі қажеттігін туғызғанын ескере отырып, Қазақстан шекараны рәсімдеу бойынша келіссөздер процесіне белсене кірісті.

1991 жылға дейін Қытаймен келіссөздерді ҚХР-мен шекаралас одақтас республикалар өкілдерінің қатысуымен құрылған кеңестік үкіметтік делегация жүргізді. Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері арасындағы Қытай Халық Республикасымен шекаралық мәселелер бойынша келіссөздер туралы 1992 жылғы 8-қыркүйектегі келісімге сәйкес, 1992 жылы КСРО Үкіметтік делегациясының орнына ҚХР-мен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы үкіметтерінің Бірлескен делегациясы құрылды.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қытай Халық Республикасымен қазақ-қытай шекарасы маңында әскери саладағы сенімді нығайту әрі қарулы күштерді өзара қысқарту жөніндегі келіссөздер туралы және шекара мәселелері жөніндегі келіссөздер туралы» 1992 жылғы 17-шілдедегі № 607 қаулысының негізінде Қазақстан өз делегациясын жасақтап, Қытаймен келіссөздерге кірісті. Делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998 жылдары өтіп, демаркация толығымен 2002 жылы аяқталды.

Келіссөздер процесінің негізіне Ресей Империясы мен Қытай арасында ХІХ ғасырда жасалған сегіз шарттар мен хаттамалар алынды.

ҚР мен ҚХР арасындағы келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының өту сызығын және оның жергілікті жерде шекаралық белгілермен белгіленуін нақты анықтап әрі егжей-тегжейлі сипаттап берген халықаралық шарттар жасалды, олар:

1. Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 1994 жылғы 26-сәуірдегі келісім;

2. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1997 жылғы 24- қыркүйектегі қосымша келісім;

3. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1998 жылғы 4 - шілдедегі қосымша келісім;

4. Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы 1999 жылғы 5 - мамырдағы келісім;

5. Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы 1999 жылғы 25 - тамыздағы келісім;

Қытаймен мемлекеттік шекараны демаркациялауды Қазақстан-Қытай бірлескен демаркациялық комиссиясы жүргізді, комиссияны Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылғы 26 - сәуірдегі келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі құрды [22, 196-б.].

Демаркациялық жұмыстарды алты жұмыс топтары 1996 жылдың шілдесінен бастап 2001 жылдың желтоқсанына дейін жүзеге асырып, 2002 жылы Пекинде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы істер министрі Тан Цзясюаньнің Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының сызығын демаркациялау туралы Хаттамаға қол қоюымен аяқталды.

1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы декларация, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі декларация, түрлі екі жақты құжаттар, Одақтық және республикалық деңгейдегі Жоғары Кеңестердің заң актілері бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-аумақтық шекарасын межелеуді тану қағидаттарын бекіткен жалпы сипаттағы құқықтық құжаттар болып табылады.

Осы құжаттарға сәйкес, Тараптар одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіссөздерде негіз ретінде таныды.

Бұрынғы одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік шекаралардың бәріне ортақ ерекшелік ретінде ондағы кейбір учаскелердегі іс жүзінде орныққан шекара сызықтары қолда бар құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес келмейтіндігін айтуға болады. Мұндай жағдайларда тараптар ұлттық және экономикалық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді шешімдер қабылдады, аумақтарды теңдей бөлісті және алмасып отырды.

Қазақстан тарапының мемлекеттік шекараны делимитациялау бойынша жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы туралы (ҚР Үкіметінің 2000 ж.24.02. №289, 2000 ж. 06.06. №856, 2002 ж. 17.07. №791, 2003 ж. 02.06. №509, 2004 ж. 01.07. №726 қаулыларымен енгізілген өзгертулері бар) 1999 жылғы 1 - қыркүйектегі №1283 қаулысына сәйкес жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Комиссияның құрамынан мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің өкілдерін кіргізе отырып, тиісті Үкіметтік делегацияларды жасақтап отырды. Сапрапшы ретінде әртүрлі мекемелердің мамандары тартылды, геодезистер, картографтар, жерге орналастырушалыр мен гидрологтардан жұмыс топтары құрылды.

Орталық Мемлекеттік мұрағаттағы, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарындағы, арнайы мекемелеріндегі құқықтық база мен онда бар материалдар түпкілікті зерттеліп, әрбір мемлекетпен келіссөздер жүргізудің қағидаттары мен әдістемесі жасалды. Делегацияның мүшелері, сонымен қатар жұмыс топтарының өкілдері қажет кезде жергілікті тұрғындармен, қоғам өкілдерімен және басшылармен кездесіп отырды. Халыққа ақпарат беру мақсатында келіссөздер процесі барысында пресс-конференциялар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаттар беріліп отырды. Қажет болған кездерде жергілікті жерлерге далалық сапарлар ұйымдастырылып, шекара белдеуін әуеден және космостан суретке түсірулер және басқа да іс-шаралар жасалып отырды.

Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер 1999 жылдың қарашасынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін жалғасып, мемлекет басшыларының 2001 жылғы 15 - желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюымен аяқталды.

Екі жақты келіссөздер өзара сыйластық және тең құқылық қағидаттарына негізделіп, іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Аталған Шарт 2008 жылғы 5 - тамызда күшіне енді.

Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесі 2000-2002 жылдар аралығында өтті. Анықталған күрделі учаскелер мен тараптардың ұсыныстары өзара сыйластық пен тең құқылық қағидаттарының негізінде, жергілікті халықтың мүдделері ескеріле отырып шешілді. Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесін екі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең. Шекара сызығының бүкіл ұзақтығының 96 пайызын анықтап берген, 2001 жылғы 16 - қарашада Астанада мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы шартты дайындау.

Екінші кезең. Ортақ шекара сызығын анықтауды толығымен аяқтаған, 2002 жылғы 9 - қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері қол қойған Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шартты әзірлеу.

Қазақстан-өзбек Мемлекеттік шекарасы туралы екі Шарт та 2003 жылғы 5 - қыркүйекте күшіне енді. Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау процесі 2003 жылы, ал тікелей далалық жұмыстар 2004 жылдың 1 - сәуірінен басталды [24].

Шекаралық белгілерді шекара сызығында орнату жөніндегі далалық демаркациялық жұмыстар толығымен дерлік аяқталды. Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі ауданында ғана шекаралық белгіні орнату қалды. Шекара сызығы 1620 шекаралық белгілермен белгіленген, оның ішінде 837 белгі Қазақстан тарапымен, 783 өзбек тарапымен орнатылған. Казіргі уақытта тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты жүргізуде.

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартқа мемлекет басшылары 2001 жылғы 5 - шілдеде Астанада қол қойды.

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 2000-2001 жылдар аралығында сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті. Тараптар 1972 жылы Қазақ КСР-і мен Түрікмен КСР-і арасында келісілген шекара сызығын өзгерту туралы ешбір ұсыныстар білдірмеді.

Ортақ шекараны демаркациялауға бағытталған іс-шаралар 2003 жылы басталды. Шекарада шекаралық белгілерді орнатуға тараптар 2005 жылы кірісті. Шекаралық белгілерді шекара сызығында орнату жөніндегі далалық демаркациялық жұмыстар толығымен дерлік аяқталды. Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі ауданында ғана шекаралық белгіні орнату қалды. Шекара сызығы 278 шекаралық белгілермен белгіленген, оның ішінде 134 белгі Қазақстан тарапымен, 144 түрікмен тарапымен орнатылған.

Казіргі уақытта мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 1999 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін жалғасты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары барысында 2005 жылдың 18 - қаңтарында Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа мемлекет басшылары қол қойды.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюмен Қазақстан өзінің құрылықтағы шекарасын бүкіл өн бойында құқықтық рәсімдеуді аяқтады. Шарт 2006 жылғы 12 - қаңтарда күшіне енді.

Қазақстанның мемлекеттік шекарасында көрші елдердің шекараларымен төрт түйісу нүктелері бар. Үш жақты форматта қол қойылып, күшіне енген келісімдер:

1. 1999 жылғы 5 - мамырдағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы келісім;

2. 1999 жылғы 25 - тамыздағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім;

3. 2001 жылғы 15 - маусымдағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім.

Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қою жоспарлануда.

Мемлекеттік шекараның жалпы ұзақтығы (Каспий теңізіндегі шекараны есепке алмаған кезде) 13 500 км. шамасында, оның ішінде:

- Қытай Халық Республикасымен – 1 782, 75 км. шамасында;

- Қырғыз Республикасымен – 1 241, 58 км. шамасында;

- Өзбекстан Республикасымен – 2 150 км. шамасында;

- Түрікменстанмен – 426, 08 км. шамасында;

- Ресей Федерациясымен – 7 591 км. шамасында.

Қазақстан сыртқы саясатының келесі өзекті мәселелесі шекаралық өзендер мәселесі.

Трансшекаралық өзендердің су-энергетикалық ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы ОАӨ елдері ынтымақтастығының шарттық-құқықтық негізі – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан үкіметтері арасындағы Сырдария өзені бассейініндегі су-энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы 1998 жылғы наурыздағы негіздемелік келісімді өңір мемлекеттерінің қабылдауына байланысты қаланды. Уағдаластық негізінде су қоймаларының жұмыс істеу режімдері, электр қуатының беріліс көлемі, энергия көздерінің жеткізілімі жыл сайынғы үкіметаралық хаттамалармен бекітіледі [27].

Нарын-Сырдария суқоймалары тізбегінің жұмыс режімін келісу үшін Сырдария өзені бассейні мемлекеттерінің сушаруашылық және энергетика саласындағы басшыларының мәжілістері шеңберінде жұмыс жүргізілуде.

Мұнымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірінің су тәуелсіздігінің және Шардара суқоймасының толып кету қаупін төмендетудің анағұрлым ұтымды және экономикалық ақталған шешімін іздестіру жалғастырылуда.

Екі жақты Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығы кеңейтілуде. Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының Үкіметтері 2000 жылғы қаңтарда Шу сондай-ақ Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланыстағы сушаруашылық құрылыстарын пайдалану жөніндегі келісімге қол қойды.

Аталған келісім шеңберінде екі елдің мамандары су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану, су объектілерін кешенді түрде бағалау және олардың жәй-күйін болжамдау жөнінде бірлескен шараларды әзірлеу әрі іске асыру мәселелерін қарайды, сондай-ақ суды пайдаланудың және суды бөлудің нормативтік көрсеткіштерін келісуді жүргізеді.

Шу мен Талас өзендері су әлеуетін тиімді пайдалануды арттырудың құралдарының бірі тұрақты жұмыс істейтін комиссия болып табылады, ол өз жұмысын жылына кем дегенде екі рет тұрақты түрде өткізеді.

Қазақстанның суға қатысты байланыстары Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) желісі бойынша да өңірдегі елдермен артып келеді.

Аумағының бір бөлігі дағдарыс аймағында және Сырдария өзенінің төменгі сағасында орналасқан Қазақстан үшін Арал теңізі бассейнінің тұрақты даму принциптері айрықша көкейкесті. Осыған байланысты Қазақстан үшін су шаруашылығының өңірлік жобаларын төте қаржыландыру жолымен өңірдің трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану мәселелерін шешу айрықша маңызды. Донор елдердің және халықаралық қаржылық ұйымдардың өңірлік сипаттағы жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге қатысуының негізгі шарты – Арал теңізі бассейніндегі мемлекеттердің үлестік қатысуға дайындығы болып табылады.

Арал өңірінің қазақстандық бөлігіндегі жобалар мен бағдарламаларды іске асыру Арал жағалауы облыстарының әкімдерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен келісімі бойынша Республика үкіметі жыл сайын бекітетін, басымдық берілетін объектілердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мәселен Қазақстанның ХАҚҚ-қа қосқан үлесі есебінен Арал теңізі бассейнінің бағдарламасы шеңберінде Арал жағалауындағы қазақстандық бөлікте 50-ден астам жоба іске асырылды.

Жобалар негізінен жергілікті жерлердегі минераландырылған жерасты суларын тұщындыру есебінен шалғайда жатқан ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, Сырдария өзенінің атырауындағы кеуіп қалған көлдерді толтыруға және каналдар құрылысын салу сондай-ақ гидротораптарды қайта жаңғырту жолымен жайлаулар мен шабындықтарға су жеткізуге, Арал теңізінің тартылып қалған табанында орман мелиоративтік жұмыстарын жүргізуге, мектептерде және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде кіші қазандық орнату арқылы ауылдағы елді мекендердің бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелерін шешуге, елді мекендердің тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін су тасушы автокөліктермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қытаймен су қатынастарын реттеу Қазақстанның экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан өте маңызды болып табылады. Осы бағытта Қазақстанның негізгі міндеттері мыналар: өзеннің қажетті су балансын сақтау, трансшекаралық су ағындарының су ресурстарын бірлесіп пайдалануда және қорғауда ортақ ұстанымды әзірлеу, олардың ластануын және сарқылуын болдырмау.

Қазақстан аумағына Қытай тарапынан 24 трансшекаралық өзендер ағып келеді, оның алтысы Ертіс өзенінің бассейніне, жетеуі Іле өзенінің бассейніне, үшеуі – Еміл өзенінің бассейніне және сегізі – Барлық тауының кіші өзендеріне жатады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау ынтымақтастығы туралы келісімге 2001 жылы қол қойылуы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үшін негіз болып табылады, оған сәйкес трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі сарапшылардың Бірлескен Қазақстан-Қытай комиссиясы және жұмыс тобы құрылды.

Бірлескен комиссияның отырысы жылына бір рет тараптардың әрқайсысының аумағында алма-кезек өтеді. Бірлескен комиссия шеңберінде қазақстандық тарап шарт-құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы мәселені пысықтауда.

2004 жылғы қазанда Алматы қаласында екі жақты комиссияның екінші мәжілісі болды. Қытай тарапымен келіссөздер процесінің басты нәтижесі – Трансшекаралық өзендердегі апатты құбылыстар туралы тараптардың кідіріссіз хабарлауы туралы меморандумға қол қою болды.

ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Астана қаласына ресми сапары (2005 жылғы 4 - шілде) барысында жоғарыда аталған Меморандумның негізінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Су шаруашылығы министрлігі арасында Трансшекаралық өзендердегі апатты құбылыстар туралы тараптардың кідіріссіз хабарлауы туралы келісімге қол қойылды.

2005 жылғы қазанда Шанхай қаласында (ҚХР) Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай Бірлескен комиссиясының үшінші мәжілісі болды, оның барысында қытайлық тараппен трансшекаралық өзендер саласында шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды.

ҚР мен РФ-ның мемлекеттік шекарасын 70-тен астам өзендер мен 20 көл кесіп өтеді, олардың негізгілері – Жайық, Есіл, Тобыл, Ертіс, Үлкен және Кіші Өзендер болып табылады.

1992 жылғы 27 - тамызда Орынбор қаласында ҚР мен РФ Үкіметтері арасында Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімге қол қойылды, оның негізінде су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстандық-ресейлік комиссия құрылды.

Комиссия шеңберінде трансшекаралық өзендердегі су ресурстарының мониторингінің жәй-күйі және нәтижелері, су ресурстарының жағдайына ықпал ететін кәсіпорындардың шаруашылық қызметін бірлесіп тексеруді жүргізу, су тасқынын өткізу, суқоймаларын толтыру және халықты сондай-ақ экономика салаларын сумен қамтамасыз етудің жағдайы мәселелері қаралады.

Осы уақытқа дейін Бірлескен комиссияның 14 мәжілісі өткізілді, олардың нәтижесінде соңғы жылдары екі жақты ынтымақтастықта елеулі прогреске қол жеткізілді. Консултациялар барысында трансшекаралық өзендер экологиясының мәселелеріне ерекше назар аударылады. 14-ші мәжілісте, трнасшекаралық су айдындары бассейніндегі ластануды азайту жөніндегі жүргізілген жұмыстардың деңгейін жеткіліксіз саналып, комиссия осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Комиссияның ұлттық бөліктері құрамына экологиялық, санитарлық, ветеринарлық, шекаралық, бақылау – қадағалау қызметтерінің (ведомстволарының) және ТЖА-ның өкілдерін қосымша енгізу қажет деп тапты.

Cу шаруашылығы саласында бірлескен жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар: «Тобыл трансшекаралық өзенінің суы сапасының мониторингі және оны бағалау», «Ертіс өзені су ресурстарын трансшекаралық басқару».

Бїгінгі таѕда Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік шекарасын делимитациялау жјне демаркациялау Ќытай Халыќ Республикасымен єана толыќ аяќталєан.

Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік шекарасын халыќаралыќ-ќўќыќтыќ тўрєыдан ресімдеу жґніндегі жўмыс Ресей Федерациясымен, Тїрікменстанмен, Ґзбекстан Республикасымен жјне Ќырєыз Республикасымен жалєасуда. [11]

Жоғарыда айтылып кеткен мәселелерді шешу жолдары Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2008 жылєы 23 желтоќсандаєы N 1212 ќаулысымен бекітілген Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ 2009-2011 жылдарєа арналєан стратегиялыќ жоспарында айтылған.


2-кесте. Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ Стратегиялыќ жоспарын іске асыру бойынша ведомоствоаралыќ ґзара іс-ќимылды ќажет ететін іс-шаралар


N п/п

Стратегиялыќ маќсат

Міндет

Ведомствоаралыќ їйлестіруді ќажет ететін іс-шаралар

1

Мемлекеттік шекараны делимитациялау жјне демаркациялау

Ґзбекстан Республикасымен жјне Тїрікменстан мен ќўрылыќтыќ мемлекеттік шекараны демаркациялауды аяќтау, Ќазаќстан-ресей жјне ќазаќстан-ќырєыз мемлекеттік шекараларында демаркация жўмыстарын жїргізу

ЖРА - геодезиялыќ, гидрографикалыќ жјне топографиялыќ жўмыстарды ўйымдастыру, мемлекеттік шекараны демаркациялаудыѕ нјтижелері жґніндегі ќўжаттарды јзірлеу жјне басып шыєару, келіссґздерге ќатысу;

ЎЌК ШЌ (келісім бойынша) - мемлекеттік шекараны ќорєау, келіссґздерге ќатысу;

Шекаралыќ облыстар мен аудандардыѕ јкімдері - демаркация жўмыстарын жїргізуге жјрдемдесу, келіссґздерге ќатысу.


2

Каспий теѕізін тиімді пайдалану маќсатында оныѕ ќўќыќтыќ мјртебесін реттеу

Каспий теѕізініѕ ќўќыќтыќ мјртебесі туралы конвенцияныѕ жобасын келісу

Ќорєанысмині, ЎЌК, ЖРА, АШМ, ЭМРМ, Ќоршаєанортамині, Јділетмині, Ќаржымині, ККМ, ТЖМ - Каспий теѕізініѕ ќўќыќтыќ мјртебесі туралы конвенцияныѕ жобасын мемлекетішілік келісу, келіссґздерге ќатысу жјне олардыѕ ќўзыретіне жататын мјселелер бойынша ўсыныстар јзірлеу.

2-кестеден көріп тұрғанымыздай- ақ Ґзбекстан Республикасымен жјне Тїрікменстан мен ќўрылыќтыќ мемлекеттік шекараны демаркациялауды аяќтау үшін, Ќазаќстан-ресей жјне ќазаќстан-ќырєыз мемлекеттік шекараларында демаркация жўмыстарын жїргізу үшін төмендегі іс-шараларды атқару керек:

Ґзбекстан Республикасымен жјне Тїрікменстанмен шекара белгілері баєаналарыныѕ ґзара орналастыру сызбасын, Ґзбекстан Республикасымен аралдардыѕ тиесілілігі кестелерін даярлау; (қосымша 4)

Шекаралыќ белгілердіѕ координаттар жјне биіктік каталогын жасау;

Жергілікті жерлерге мемлекеттік шекараныѕ ґту сызыєын бекіту;

ЖРА - геодезиялыќ, гидрографикалыќ жјне топографиялыќ жўмыстарды ўйымдастыру;

Мемлекеттік шекараны демаркациялаудыѕ нјтижелері жґніндегі ќўжаттарды јзірлеу жјне басып шыєару, келіссґздерге ќатысу;

ЎЌК ШЌ (келісім бойынша) - мемлекеттік шекараны ќорєау, келіссґздерге ќатысу;

Шекаралыќ облыстар мен аудандардыѕ јкімдері - демаркация жўмыстарын жїргізуге жјрдемдесу, келіссґздерге ќатысуы керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет