Тізбектелген сабақтар топтамасының рефлексивтік есебі



бет1/3
Дата22.08.2017
өлшемі0,62 Mb.
#24442
  1   2   3
Тізбектелген сабақтар топтамасының рефлексивтік есебі.

Ақпан айында жоспарлаған бойынша математика пәнінен тізбектелген 3 ашық сабақтың жоспары құрылып, өткізілді. Күнтізбелік тақырыптық жоспар бойынша математика пәні аптасына 5 сағат жүктеме бойынша жүргізілді. Тізбектелген 3 сағаттың 1 сағатында «Текше. Санның кубы»тақырыбы қарастырылса, 2 сағатында «Текшенің көлемі.»туралы білімдері тиянақталды, ал 3 сабақта «: Көлемнің өлшем бірліктері. » туралы қайталап білімдерін қорыттым. Сабақтардың мақсаты: шағын топтармен түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділігі мен іздемпаздығын дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болып табылды.

Бірінші күні өткізген сабақ туралы өз ойыммен бөлісетін болсам, сабақты «Фигура патшалыққа саяхат» түрінде жоспарладым.Сабақты жоспарлаған кезде өткен тақырыптарға көп уақыт бөліп жібердім, сол себептен тақырыпты түсіндере отырып, жаңа тақырыпқа арналған тапсырмаларға уақыт жетпей қалды. Оқушыларды топқа бөлдім, бірақ бағалау парақшаларын бермей қалдым және логикалық тапсырмаларды пайдалану керектігін ескермедім.

Келесі сабақтарды жоспарлап өткізген кезде тек оқушылардың іс-әрекетіне ғана емес, өз іс-әрекетіме де көңіл бөлу керектігін түсіндім. Сөйтіп, тізбектеліп өткізілген келесі сабақтарымда өзімді еркін ұстап, сенімділікпен жұмыс жасай бастадым. Сыныпта еркін атмосфера туғызуға тырыстым. Сабақтың басында математика туралы өлең жолдарын оқытып, балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырдым.

Оқушыларға сабақта тек бағыт-бағдар беріп, керек кезінде ғана көмек беріп отырдым. Балалар жауапкершілікті сезініп, дұрыс жауап айтуға талпынды.Оқушыларға қызығушылықтары төмендеп кетпес үшін, оларға тапсырмаларды күрделендіріп, ары қарай ізденіске түсетіндей түрлендіре беріп отырдым. Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында және қызығушылығын арттыра отырып, үшінші сабақты «Не? Қайда? Қашан?» ойын түрінде жоспарлап өткіздім. Оқушыларға өте ұнады. Тәжірибемде тағы да бір байқағаным: топтық жұмыс істегенде ұяң мінезді балалар ашыла түсіп, өздерін жайлы сезініп, өзге балаларға еліктеп, белсенділік таныта бастады.

Сонымен қатар, бағалау ең күрделі де қызықты жұмыс түрі болды. Тәжірибемде өзін-өзі бағалауды, бірін-бірі бағалауды, деңгейлік және дарынды балаларды бағалау түрлерін алдым.

Мен дәстүрлі сабақ пен жаңаша оқытудың арасында мынадай айырмашылықтардың бар екенін байқадым:

Дәстүрлі оқытуда:



  • Оқушы оқулықтан дайын білімді жаттанды әдіс арқылы меңгереді;

  • Сабақ барысында тек белсенді үш-төрт оқушы сабаққа жауап береді;

  • Оқушы мұғалім көмегіне жүгінеді, өз бетінше ой түйе алмайды;

  • Мұғалім өзі ғана бағалайды, оқушы пікірімен санаспайды;

Жаңаша оқыту үдерісінде:



  • Оқушы қалай және қайтіп оқуды біледі;

  • Ой қорытуға дағдыланады;

  • Өзін-өзі реттеу, өзгені сыйлауға бейімделеді;

  • Өзін де, өзгені де бағалай алады;

  • Білім беру мен тәрбиелеу бірге жүзеге асырылады.

Қорыта келе сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі - нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалдырмайды, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды және шығармашылықпен бәсекелестікті қалыптастырады, өзін- өзі бағалауға үйренеді дегім келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет