Түйіндеме академиялық жазылымның негізгі құрылымы және оқырман үшін жазылатын шағын мазмұн. Сондықтан, жақсы түйіндеме жазу кейбір студенттер үшін үлкен қиындық тудырады
«Түйіндеме – академиялық жазылымның негізгі құрылымы және оқырман үшін жазылатын шағын мазмұн. Сондықтан, жақсы түйіндеме жазу кейбір студенттер үшін үлкен қиындық тудырады. Бұл мақала түйіндеме жазудың қиындығы түйіндеме жазудың негізгі қағидаралы мен жазудың құрылымын білмегендіктен туындайды деп көрсетеді. Аталған мәселені анықтау үшін бұл мақалада әр түрлі бағыттағы академиялық тұрғыдан жазылған 500 түйіндеме қаралып, 1000 студенттен сауалнама алынды. Сандық және сапалық талдаулар студенттердің түйіндемені түсіну деңгейінде жүргізіліп, негізгі мәселелер айқындалды. Зерттеу нәтижесінде студенттердің түйіндеме туралы түсінігін кеңейту және жазылым барысында оны көбірек талап ету сияқты екі мәселе анықталды.
Кілт сөздер: академиялық жазылым, түйіндеме, эссе құрылымы, ойды тұжырымдау.