16
Климат радиациямен атмосфера ылғалдылығының өзара әсерінің нәтижесі
болғандықтан, оны сипаттауға комплекстік көрсеткіштер ұсынылған:
1. Ылғалдану коэффициенті немесе жауын-шашын мөлшерінің
булану мөлшеріне қатынасы 1,0-1,5 болса жеткілікті деп саналады (Высоцкий).
Гидротермиялық коэффициент (Г. Т. Селянинов) ГК = жауын-шашын
мөлшері жиынтығының /сол мезгілдегі температура 100 С-тан жоғары
болғандығы жиынтығына қатынасына тең. Егер де ГК 1-2 арасында болса,
табиғи ылғалдану қанағаттанарлық деп саналады. Егер 1-ден аз болса
жеткіліксіз деп саналады. Егер 1,6-1,3 болса ылғалды, 1,3-1,0 болса әлсіз қуаң,
1,0-0,7 болса қуаң, 0,7-0,4 өте қуаң, ‹ 0,4 болса құрғақ деп саналады.
Орманға әсер ететін негізгі климат факторларына жарық, жылу және жауын-
шашын жатады.
Климат аймақтарына және топырақтар типтеріне сәйкес бұрынғы
ТМД территориясында табиғи аймақтар бөлінген:
1. Арктика
2. Тундра
3. Орманды тундра
4. Орман
5. Орманды дала
6. Дала
7. Шөл
8. Субтропика
Географиялық немесе табиғи аймақтар (В. В. Докучаев бойынша – табиғи-
тарихи аймақтар) – бұл ерекше климатымен, жануарлар әлемімен, өсімдіктер
жабынымен және топырақтарымен ландшафтық бірлік.
Достарыңызбен бөлісу: