1-тапсырма
1.Түйнеме - Bacilla аnthracis қоздыратын, зооноздар тобына жататын, айқын улану белгілерімен, терінің, лимфа түйіндердің және ішкі ағзалардың серозды-геморрагиялық қабынуымен сипатталатын аса қауіпті жұқпалы ауру.
2. Ауруды қоздыратын микроб – түйнеме таяқшасы – B. Аnthracis. Bacillacae тұқымдастығана жатады, ұзындығы 5-8 мкм және диаметрі 1,2 мкм, ұштары тік бұрышты немесе аздап ішке қысылған (иінді бекіністі бамбук таяғын еске түсіретін) біршама ірі, қозғалысы жоқ, грам «оң» таяқша. Бацилла барлық анилин бояуларымен жақсы боялады, ағзада қосарланып немесе қысқа тізбекше, ал қоректік орталарда «маржан алқа» түріндегі ұзын тізбек құрай орналасады
Түйнеме – зооноз. Аурудың негізгі көзі әртүрлі ауылшаруашылық малдар (қой – 45-55%, ірі қара мал- 32-37%, жылқы мен бұғы – 5%, ешкі, есек, түйе – 1%, шошқа - 4% және өте сирек ит, мысық да аурады); кейбір жабайы аңдар (марал, қоян, киік, қасқыр, шиебөра, аю, жолбарыс, арыстан, пума, борсық). Жануарлар түйнемені алиментарлы жол арқылы (шөппен, сумен, жеммен бірге топырақты жұтып), трансмиссивті (жигалка шыбыны, шіркейлер шаққанда) жұқтырады. Спора фагоциттердің ішінде лизиске ұшырғанда жануарларда ауру дамиды. Залалданған жануарларда ауру жайылмалы түрінде өтіп, 95% өлімге ұшырайда. Түйнемені атжалмандар, бақалар, құстар қабылдмайды, оларда И.И. Мечниковтың пікірі бойынша (1951) фагоциттердің түйнемелік бациллаларды жұту қасиеті жоғары. Ауру адамға келетін болсақ, олар аурудың көзі бола алмайды, ауру адамнан түйнеменің сау адамға жұғуы ғылыми дәлелденбеген мәселе.
Қоздырғыштың ену және адаптация сатысы. Түйнеме таяқшасының денеге енетін қақпасы тері немесе асқазан-ішек, тыныс жолдарының шырышты қабықшалары, егер осы жерлерде жарақаттану болса (кесілген, тілінген, жарылған) онда қоздырғыштың ішке ену процессі оңайланады. Егер теріге қоздырғыштың спорасы енсе, ілінген жерде аздап болса ылғал болу керек (қан, лимфа не басқа сұйық зат), сонда ғана ол вегетативті түріне ауысады.
Біріншілік ошақтық инфекция сатысы. Содан кейін барып бацилла токсин бөліп шығара бастайды. Түйнеме патогенезінің негізінде экзотоксиннің әсері жатыр. Токсиннің құрамындағы күрделі компоненттерінің біреуі (летальді компонент) теріні коагуляциялық некрозға ұшыратады. 98% жағдайда түйнеме - жергілікті инфекция: түйнеме қоздырғышының енген жерінде әуелі қызарған дақ, сосын түйіншік (папула) пайда болады, түйіншік ішіне серозды экссудат жиналып ол көпіршікке (везикула) ауысады, кейін ішіне қан жиналып геморрагиялық пустулаға айналады. Біраздан кейін ол жарылып, жара пайда болады. Жараның ортасындағы қан түйіршіктері қарайып, қатып көмірге ұқсаған қабыршақ пайда болады. Осы кезде жараның айналасындағы ісік өте тез өсіп, аз уақытта біраз жерді қамтиды. Қоздырғыштар лимфа тамырлары арқылы лимфа түйіндеріне енген кезде оларда серозды-геморрагиялық немесе геморрагиялық-некрозды лимфаденит дамиды, қоршаған шелдің қабынуы пайда болады. Алиментарлы жол арқылы жұғу кезінде асқазанда және мықын ішектің дисталді бөлігінде бірең-сараң немесе жайылмалы некроз ошақтары мен жаралар пайда болады.
Бактериемия сатысы. Қолайсыз жағдайларда (иммунотапшылық, массивті жұқтыру) қоздырғыш қан айналымына түсіп барлық ағзаларға жайылып сепсис түрінде өтуі мүмкін. Геморрагиялық синдром (шырышты қабықшалардағы көптеген геморрагиялар, түрлі мүшелердегі ошақты қан құйылулар), инфекциялық- токсикалық шок дамиды. Бұл жағдайларда ауру өліммен аяқталады. Мәйіттік сіресулер әлсіз немесе болмайды, тамырлар мен жүрек қуыстарында тромбтарсыз, ұюсыз сұйық қан, ішкі мүшелерге қан толған, серозды қабықтарға қан құйылулар, көкбауыр ұлғайған, болбыр, пульпасы күнгірт-көкшіл болады.
3. Сібір жарасы.
4. Түйнеменің терілік түрін стафилоккокты, стрептококкты инфекциядан, тілмеден, эризипелоидтан, листериоздың, пастереллездің, обаның терілік түрлерінен ажырату керек; өкпелік түрін обаның өкпелік түрінен, пневмониялардан; абдоминалді түрін мезентериалді тромбоздан, жедел панкреатиттен, жедел ішек инфекциялардан, ішектің түйілуінен, тесілуінен ажырату керек.