СЕЗІМ – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде қүрделі, ситуациялы көріністері.
ЭМОЦИЯ (франц. етаtіоп, лат. епоvео – толғану) – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл күй. Э. организмнің әртүрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды э.) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз э.) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты эмоция
ЕРІК – адамның мінез-құлқын меңгеру қабілеті. Ол мақсат қоюдан басталады. Е. – қимылдарының алғашқы көріністерінің бірі тілек. Ол келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, «газетке мақала жазсақ», «өзенге барып шомылсам», «домбыра тартып үйренсем», т.б. деген сөйлеуде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі, яғни оның нақты жоспары сызылмаған. Тілекте еріктік амалға тән, аздап талғамалылық сипат бар