ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері



Pdf көрінісі
бет110/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

  Сабақтың барысы: 
  
Ұйымдастыру бөлімі: 
Релаксация. «Менің жүрегімдегі күн шуағы» 
  Мақсаты:
 
 
Ішкі  жан  –  дүниесінің  тыныштығын 
қалыптастыру, жағымсыз ойлардан арылуға көмектесу.
 
      Өзіңе  ыңғайлы  жерді  таңдап,  денеңді  бос  ұстап,  өзіңнің 
ішкі әлеміңе саяхат жасауға дайыңдалуыңды сұраймын. 
      Өзінің  сұлулығымен,  алтындай  сары  түсімен,  жылуымен 
нәзік  шұғыласымен  көз  қызықтыра  жанып  тұрған  шырақ  көз 
алдыңа  келеді.  Көзіңді  жұмып,  сары  түсті  шуақ  жалыны 
басыңның ішінде жанып тұр деп есепте. Одан шыққан шұғылаға 


100 
 
бар  зейініңді  аудар.  Осы  сиқырлы  жалынды  ойша  жүрегіңнен 
төмендеу жерге  орналастыр. Сенің жүрегің күлтелерін біртіндеп 
ашқан  көктем  гүлі  сияқты  ашыла  бастағанын  елестет.  Жалын 
шуағы гүлдің дәл ортасына барып орналасты. Ол сенің жүрегіңді 
жылытып, жарықпен нұрландыруда. Бұл жарық сенің жүрегіңдегі 
барлық  уайымдарды  жуып,  олардың  орнын  сүйіспешілікпен 
толтырады. Сенің жүрегің күн тәрізді нәзік шұғылылы жылу мен 
жарық бөлуде. Жүректегі Күннің жарқырауы ерекше! 
     Күн 
шұғылысының  күштілігі  сондай,  олар  сенің 
басыңдағы бұлттарды ыдыратып, қуып жіберуде. 
     Міне,  Күн  шұғыласы  сенің  аузыңды  толтырып,  тіліңе  де 
келіп  жетті.  Ол  сені  өзгелердің  жанын  жаралауы  мумкін, 
ойланбай  айтылған  сөздерден  құтқарады.  Шұғыла  саған 
қайырымды, жылы сөздерді таңдауға көмектеседі. 
    Күн  шұғыласы  сенің  құлақтарыңды  толтыруда.  Естіген 
барлық  керексіз,  жағымсыз  сөздер  жоқ  болып  кетті.  Енді  сенің 
құлақтарың тек қана жағымды және жақсы сөздерді естісін. 
    Шұғыла  сенің  көздеріңді  толтырып,  барлық  көзің  көрген 
жағымсыз жағдайларды жуып жіберуде. Ол саған барлық нәрсені 
жақсы жағынан көруге, ешқашан жолдан таймауыңа көмектеседі. 
    Жарық  енді  сенің  басыңды  толтыруда.  Саған  өмір  сүруге 
кедергі келтіретін және өзіңді бақытсыз сезінуге әкелетін барлық 
нашар  ойлар  іс  –  түзсіз  жоғалуда.  Олардың  орнын  тазада 
жағымды ойлар толтыруда. 
  
Мұғалім:
  “Сәлем-сөздің  анасы”  демекші  бірінші  кезек 
сәлемдесуге  беріледі.  Ол  үшін  студенттер  “Достық”  шеңберіне 
шақырылады.  Ортада  ойын  жүргізушісі  болады.  Ойын 
жүргізушісінің қолы арқылы ойын жүреді. Егер ойын жүргізушісі 
қолын  бір  рет  шапалақтаса,  иық  арқылы,  екі  рет  шапалақтаса 
мұрын арқылы амандасады. 
          Сәлемдесіп  болған  соң  студенттер  өз  орындарына 
отырады.  Студенттерге  қызыл  және  жасыл  қағаздар  беріледі. 
Олар осы қағаздар    арқылы  2 топқа бөлініп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет