111
туғаннан о дүниеге кеткенге дейінгі өмірі осы әнмен, күймен,
қазақтың дәстүрлі өнерімен тікелей байланысты. Әннің сөзі бар,
түсінуге болады. Ал күй тылсым –дүние. Қазақта өнер алды
қызыл тіл деген сөз бар. Тілмен біреудің көңілін жаралап
өлтіруге де, өлейін деп жатқан адамды тірілтуге де болады. Ал
күй өнеріне келсеңіз, баяғыда Жошы хан: балам жайында
жаманат әкелген адамның көмейіне балқытылған қорғасын
құямын дегесін, небір шешен, ділмарлардың тілі байланып,
қаралы хабар жеткізуге дәттері жетпегенде, бір домбырашы
келіп, қайғылы күй ойнап баласының өлімін ханның өз аузынан
айтқызған. Мінекей, күйдің құдіреті! Демек, тіл тоқтаған жерде
күй жүреді деген сөз.
Кезек әлемді таңғалдырған өнер иелері туралы
видеоға көз жүгіртсек. Видеодан алған әсерлермен бөлісу.
Ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: