28
табылатынына сеніңіз, осыдан кейін ғана бұл үрейден айығуыңыз
мүмкін.
«В» жауабын таңдаған адамдар: Жалғыз қалғаннан қатты
қорқасыз және оны сыңарезулікпен жасырасыз. Бала күніңізде
анаңыз сізді қатты аялап өсірген. Ананың шектен аса мейірін
төгуі әрине жақсы, бірақ, бұл құбылыс сізді өз субъективтік
қасиетіңізден айырып тынған. Сол себепті, сіз іштей анаңыздың
(немесе сондай жақын адамдарыңыздың) басқаруына өтіп
кетемін бе деп алаңдайсыз. Мұндай жан күйі, сезініс сізді тіптен
жалғыздыққа қарай жетелей түседі. Өзіңізді тәуелсіз болуға
тәрбиелеңіз.
Өзіңізге
тән
көзқарастар
мен
танымды
қалыптастыруға
құлшыныңыз.
«С» жауабын таңдаған адамдар: Ішкі жан күйі қалыпты
адам. Анасымен (немесе сол сияқты жақын адамдарымен) ара
қатынасы қалыпты жағдайда. Балалық шағында ана мейірі мен
туысқандар арасында аялау мен мәпелеу жүргізілген. Тағы бір
сөзбен айтқанда, өз кеңістігіңізде сізде ешқандай ішкі үрей мен
қорқыныш жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: