Байланысты: Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)
Тапсырма: бір күн ішінде өз басынан кешкен жақсы көру
және жек көру сезімдері туралы есеп жүргізіп, нәтижесін
сұрыптап, көңіл-күйіңе әсері туралы тұжырым жасаңыздар.
Қатысушылар дәптерлеріне, қалам беріледі. Олар өздерінің
ой тұжырымдарын жазады.
ІІІ. Бекіту кезеңі: Махаббат тарихына қысқаша шолу жасау. Сұрақ-жауап
жүргізу. Атақты махаббат жұптарымен таныстыру:
Қозы Көрпеш-Баян сұлу
Қыз Жібек пен Төлеген
Еңлік-Кебек
Ләйлі-Мәжнүн
Қалқаман-Мамыр
«Қызықты жағдаяттарды талдау»
1.
Бір-бірін ұнатқан екі жас, яғни қыз бен жігіт көшеде келе жатады.Сол кезде қыз жігітті сынамақшы болып сұрақ қояды.
38
Сұрақ: жолдың шетінде бір құмыра жатады, қыз жігітке сен мені шын сүйсең осы құмыраның ішіне кіріп кет дейді. Сол кезде жігіт қызға жауабын қалай қайтарады? 2.
Бейтаныс қыз бен жігіт өтіп бара жатқан екі автобустың екеуінде отырады. Сол кезде бір-бірін бақылап ғашық болып,танысып үлгіреді. Екі автобус екі жаққа жүріп кете береді.