Релаксация.
Бүгін мен сиқыршымын. Қазір біз ғажайып әлемге
саяхатқа барамыз. Мен сиқырлы таяқшаммен белгі берген кезде
сапарымыз басталады. 1,2,3...
Көздеріңді жұмуға болады (баяу музыка).
Сендер ғажайып Бақыт әлеміне келдіңдер. Жан-
жақтарыңа қараңдаршы, қандай керемет. Айнала жұпар иісі
аңқыған әсем гүлдерге толы. Сендердің көңіл-күйлерің өте
жақсы, жүздерің күліп, тамаша сезімге бөленіп жатырсыңдар.
Жандарыңызда ата-анаңыз, бауырларыңыз бар. Отбасы болып
табиғат аясында демалғалы отырсыздар. Бәрі өте керемет өтіп
жатыр. Сәлден соң алдарыңызданнан Бақыт періштесі шығып,
«менің әлеміме қош келдіңіздер! Сіздер өте тату отбасысыздар.
Қане, алақандарыңызды жайыңыздар, мен сіздерге бақыт
сәулесін сыйлаймын.
Бұл сәулені мәңгәлік жүректеріңізде сақтаңыздар. Өйткені ол
сіздерге қуаныш пен бақыт әкеледі. Бақытты болыңыздар!» деп
айтып кетті. Енді көздеріңді ашыңдар.
Біз сендерді 2 топқа бөлдік. Және өздерің топтың атын
құрып,таныстыра қойыңдар. Берілетін уақыт 2 мин.
Достарыңызбен бөлісу: |