78
түсін өзгертеді. Осыдан кейін бойыңызда бұл қуаныш сезімі
ұзаққа созылмай ма деген қорқыныш пен күдік пайда болады. Ал
сіздің таңдаған жауабыңыз алдыңызда кездескен қиындық пен
жайсыз оқиғаларға қандай жауап қайтаратындығыңызды
көрсетеді.
1. Құс сол күйінде қара болып қала береді дегендер өмірге
пессимистік көзқараспен қарайды. Сіз жаңбырдан кейін
кемпірқосақтың шығатынына сенбейсіз. Мүмкін сізге барлығы
осыншалықты жаман болса, бұдан артық қайда барады деп
ойлаған дұрыс болар. Есіңізде болсын бітпейтін жауын-шашын
немесе таңды атырмайтындай түн жоқ.
2. Ал құс бастапқы қалпына келіп, қайтадан көгілдір түске
боялады дегендер өмірге оптимистік көзқараспен қарайды. Сіз
өмірдің жақсы және жаманнан құралып, екеуінің қатар
жүретініне сенесіз. Шындықты қалай бар, дәл солай
қабылдайсыз. Өмірдің алып кедергілерін сабырмен қабылдап,
күйзеліске бой алдырмайсыз. Осы қасиетіңіздің арқасында өмір
арнасында адаспай, қашан да болсын сергек ойлай аласыз.
3. Ал құс қауырсындары ақ түске өзгереді дегендер қиын-
қыстау кезеңде сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдайды.
Дүниенің астаң-кестеңі шығып жатса да, уайым мен қайғыға
уақыт жұмсамайсыз. Қателескеніңізді біле салысымен, оны
түзеуге асығасыз.
4. Ал құс алтын түске боялады деп жауап бергендерді еш
нәрседен қорықпайды деп айта аламыз. Сіз нағыз қиындықтың
дәмін татып көргенсіз. Сол қиындықтардың арқасында әрдайым
сабақ алып, жігеріңізді қайрайсыз. Сіздің ұстанымыңызды
Мұқағалидың «Шыда, жаным, шыдай түс, шыда тағы, мына өмір
шыдамдыны ұнатады» деген сөздерімен салыстыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: