Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуықоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесіретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогенетиктер сияқтыдаму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімдеушілік қызметін ескереді.
Сонымен, биогенетикалық және социогенетикалық тұжырымдамаларды да жеке тұлғаның даму заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық бағыт та, социогенетикалық бағыт та психикалық дамудың қозғаушыкүштерін анықтауға қабілетті емес.