пайым-
ды
(яғни, теориялық зерттеулердегі болжам)
ұстандық. Сонымен қатар, бұл пайымдауға
сәйкес талданып, дәйектелген тұлғаның бәсекеге
қабілеттігіндегі психологиялық мазмұн ғылыми-
теориялық және әдіснамалық бағдар тұрғысынан
маңызын
айқындайды деп санаймыз.
Мақалада қолданылған
материалдар
: бәсе-
кеге қабілеттілік мәселесі теориялық-экспери-
менттік тұрғыдан қарастырылған 60-тан аса
ғылыми еңбектер.
Тұлғаның бәсекеге қабілеттігіндегі психоло-
гиялық мазмұнынын анықтауда және дәйектеуде
талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру, нақ-
тылау сияқты
теориялық зерттеу әдістері
қолданылды.
Зерттеу нәтижесі мен талдануы
Психология ғылымдарында бәсекеге қабі
леттіліктің анықталуы мен мәндік сипат
тамасы.
Адамзат пен қоғам дамуындағы
бәсекелестіктің маңызы XVIII ғасырда ал
-
дымен философияда, кейіннен XIX ғасырда
әлеуметтануда
қарастырылған.
Ал,
ХХ
ғасырда экономика мен менеджмент салала
-
рында бәсекеге қабілеттілікті өндірістегі және
тауар сатудағы табыстылықтың кепілі ретінде
қарастыратын шетелдік теориялар пайда бола
бастады. Жалпы, бәсекеге қабілеттіліктің эконо-
микалық және социологиялық теорияларын
-
да қызметкердің табыстылық, көшбасшылық,
стреске тұрақтылық, өзіндік дамуға ұмтылыс,
бағыттылық, мотивация сияқты қасиеттері
ISSN 2617-7544; еISSN 2617-7552 The Journal of Psychology & Sociology.
№3 (66). 2018
35
Ерментаева А.Р.
маңызды орынға қойылады. Кейінірек отандық
экономика және маркетинг салаларына қатысты
«бәсекеге қабілеттілік» ұғымы, бәсекенің рөлі,
бәсекеге қабілеттілікті бағалау, бәсекеге қабі-
летті маман дайындауға қойылатын талаптар
туралы ғылыми ұстанымдар мен концепциялар
орнықты.
Ал, бәсекеге қабілеттілік философиясы
-
на және білім беру жүйесінің субъектілерінде
бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудың педа-
го гикалық мәселелеріне ХХ ғ. соңында ТМД
ғалымдары назар аудара бастайды. Тіпті,
мамандардың бәсекеге қабілеттілігін шығар-
машылықпен өзіндік дамытуына бағытталған
курс жоспарланып, Қазан мемлекеттік универ-
ситетінде
«Конкурентология»
орталығы
ашылады.
Психология ғылымдарында тұлғаның бәсе-
кеге қабілеттілігін ХХ ғасырдың соңғы жыл
-
дарынан бастап қана жаңадан категориялық
талдау, зерттеу және оны дамыту мәселелері
алға шығады. Дегенмен, осы аз ғана уақыт
ішінде тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің кей-
бір жақтары бойынша әдебиетте әрмәнді анық-
тамалар, психологиялық теориялар мен тұрғылар
пайда болды.
Жалпы, тұлғаның әртүрлі аспектілеріне
қатысты мәселелерді қарастырған А. Маслоу
(өзін-өзі өзектендіру), Р. Мартенс (бейімделу
мен түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға қабі-
леттілік), К. Роджерс (Мен-концепция), Г. Ол
-
порт (тұлғалық диспозиция, проприум және
кемелдік), Э. Шостром (тұлғааралық өзара әре-
кет тесудің конструктивті тәсілдері), және т.б.
дәстүрлі түрде бәсекеге қабілеттелік пси холо-
гиясының негізін салушылардың қатарында
аталады.
Әдебиетке жасалған талдаудан бәсекеге
қабі леттіліктің күрделі құрылым ретінде
тұлғалық, когнитивті, аффективті, әрекеттік
құраушылардың ықпалдастығынан түзілетіні
айқындалды. Бұл құраушылар біртекті даму
деңгейінде болмасы анық. Оның бірі қалай
болғанда да жоталы бітіспен, яғни акцентуа
-
циямен ерекшеленеді. Мұндай акцентуация
-
ны тұлғаның әлеуметтену ерекшеліктері мен
әлеуметтік рөлдері, жас ерекшелігі, құзіреті мен
құзіреттілігі, жыныстық айырмашылығы, жеке-
даралығы анықтайтын көрінеді (J.M. Houston,
S.A. McIntire, J. Kinnie, C. Terry, 2002;
В.А. Кручинин, Д.С. Котикова, 2011; W. Bönte,
S. Lombardo, D. Urbig, 2017; және т.б.).
Қазіргі психология ғылымдарында көпте-
ген зерттеушілер бәсекеге қабілеттілікті тұл-
ғаның өміріндегі маңызды жетістіктердің психо-
логиялық шарты болатын жағымды қасиеттердің
өзара күрделі, ықпалдасып құрылуымен
анықтайды. Бұл анықтамалардағы тұлғалық
және мінез-құлықтық параметрлер бойынша
бәсекеге қабілеттіліктің кейбір мәндік сипатта
-
малары әртүрлі тұжырымдалады:
– бәсекеге қабілеттілік тұлғаның өзін-өзі
дәлме-дәл тануға, өзін-өзі қабылдауға және
жеке даралығын өзіндік дамытуға әлеуетті
мүмкіндігін танытады (Wilson J.Q., 1993;
Sampson E.Е., 1998);
– бәсекеге қабілеттілік невротизмнің дең-
гейін төмендетудің; психологиялық денсау-
лықты арттырудың; дәлме-дәл өзін-өзі баға-
лаудың; басқаларға қамқорлық көрсете алудың;
жомарттық танытудың; үздіксіз, тұрақты
тұл ғалық дамудың кешенді көрінісі бола
-
ды (Ryckman R.M., Hammer M., Kaczor L.M.,
Gold J.A., 1996);
– бәсекеге қабілеттілік тұлғаның өз құзі-
реттілігін дәлме-дәл бағалауының шарты мен
факторы болады (Klein W.M., 1997);
– бәсекеге қабілеттілік тұлғаның өзіндік
дамуға және рефлексияға қабілетті болуымен
сипатталады (Митина Л.М., 2003);
– бәсекеге
қабілеттілік
әлеуметтік
қажеттіліктен пайда болатын қасиет (Чегринце
-
ва С.В., 2003);
– бәсекеге қабілеттілік жетістік үшін
белсенді болуды білдіреді (Токарева Е.В., 2007);
– бәсекеге қабілеттілік позитивті тұлғалық
қасиеттердің жиынтығы болады (Fletcher T.D.,
Nusbaum D.N., 2008);
– бәсекеге қабілеттілік мотивацияға байла
-
нысты (Newby J.L., Klein G.K., 2014); т.с.с.
Бәсекеге
қабілеттіліктің
арқасында,
D.A. Sauers, K. Bass (1990) ұстанымына сәйкес,
адам баласы барлық мүмкіндіктерді жүзеге асы
-
ра алады. Әрі бұл тұлғалық қасиет жеке даралық
сипатпен анықталады. Бәсекелес мінез-құлық
тұлғаның іс-әрекеттік, әлеуметтік жағынан
жоғары жетістігін қамтамасыз етеді. Сонда,
(Kirkcaldy B., 2003:306) адамдарды бәсекеге
қабілеттілік негізінде салыстырып, осы орайдағы
көрсеткішті арттыруға қол жеткізу мүмкін бо
-
лады. Ал, бәсекеге қабілеттілікті бұл мағынада
қарастыру көбінесе жеке даралық мәдениетке
негізделген батыстық ділге, дүниетанымға
сәйкес келетін сияқты.
Сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілік
тұлғаның жағдайды бақылай алуын, өзін-өзі та
-
нытып, жүзеге асыру мүмкіндігі жоғары болу
-
ын анықтайды. Мұнда бәсекеге қабілеттілікке
Хабаршы. Психология және социология сериясы. №3 (66). 2018
36
Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұн
әрқашан әлеуметтік орта тарапынан үнемі
сырт тай бақылау, сырттай бағалау процестері
қабаттас болатынын ескеру керек. Осыған
бай ланысты пайда болған шарасыздықты,
дәрмен сіздікті, депрессиялық симптомдарды
бәсекеге қабілетті тұлға бәсеңдете, баса алады
(Hibbard D.R., 2010:413).
Дегенмен, бәсекеге қабілеттіліктің тұлғаның
өмір сүру мәнеріндегі, іс-әрекеттегі рөлі тура
-
лы психологиялық көзқарастар әртүрлі, кейде
қарама-қарсы сипатта кездеседі. Мұнда бәсекеге
қабілеттілік бір жағынан, кез келген тұлғаның
психологиясына тән емес, бірегей қасиет ретінде
ұлықталады, екіншіден, жағымсыз қасиет
ретінде датталады.
Достарыңызбен бөлісу: |